Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

50 отбасыға азық-түлік таратылды

http://www.islam-atyrau.kz/ 07.12.2019 2408 0 пікір
50 отбасыға азық-түлік таратылды

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Индер ауданында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Индер ауданына қарасты Жарсуат ауылында өткен акция барысында елу отбасыға азық-түлік пакеті табысталды. Ерекше атап өтерлігі, қайырымдылық шарасы орталық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен өткелі отырған Мәуліт кешінің билеттер сатылымынан түскен қаражатқа ұйымдастырылды.

Ізгілік шарасына Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып қатысты. Акция негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларды қамтыды.

«Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» («Сәбә» сүресі, 39-аят) делінген. Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек,  ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Демек, біз өз ісімізбен ұрпағымызды жастайынан қайырымдылыққа баулуымыз керек» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру