Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Университет студенті марапатталды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 07.12.2019 3020 0 пікір
Университет студенті марапатталды

Білім және ғылым министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан студенттері альянсы еліміздегі жоғары оқу орындарындағы Жастар ісі жөніндегі комитет басшыларының I форумы және студенттердің республикалық XVI форумында Нұр-Мүбарак университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Жарқын Еркінұлын арнайы алғыс хат және төсбелгімен марапаттады.

Нұр-Сұлтан және Бурабай қалаларында екі күнге созылған белсенді жастар басқосуына 500-дей мүше қатысып, студенттер үшін ең өзекті білім, әлеуметтік сала және т.б. мәселелер талқыланды. Еліміздегі ЖОО арасында тек санаулы университет өкіліне табыс етілген бұл марапат Нұр-Мүбарак университетінің қоғам дамуына қосып жатқан үлесінің бір көрсеткіші екені анық.

 «Марапаттаулардан бөлек Бурабай мен Нұр-Сұлтан қаласында танымал, білікті спикерлердің арнайы семинар-тренингтерінен тағылым алып, оны  студенттермен бөлісетініме, сондай-ақ сүйікті Нұр-Мүбарак  университетіміздің абыройын асқақтатуға теңізге тамған тамшыдай үлес қосқаныма қуаныштымын.

Форумға қатысып, мықты білім, өмірлік тәжірибе алуға мүмкіндік жасап, үнемі жастарды қолдап, студенттерге жол сілтеуші университетіміздің басшыларына және проректор, доцент Қайрат Құрманбаев ұстазымызға арнайы алғыс айтамын» деген Жарқын Еркінұлы жүрекжарды қуанышымен бөлісті.

Айта кетейік, форумға елімізге танымал кәсіпкерлер, қоғам және мәдениет қайраткерлері, өңірдегі белсенді студенттер, ЖОО мен АОО-ның жастар ісі-жөніндегі комитет төрағалары, Қазақстан студенттері альянсы белсенділері, өңірлік штаб көшбасшылары, Парламент мен Нұр-Сұлтан қаласының маслихат депутаттары, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, Балон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығы, Қаржы орталығы, Ұлттық тестілеу орталығы, Тәуелсіз аккредиттеу мен рейтингтеу агенттігінің өкілдері мен жетекшілері қатысты.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру