Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ақтөбелік шәкірттермен жүздесті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.12.2019 2627 0 пікір
Ақтөбелік шәкірттермен жүздесті

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша бас имамы Төлеби Оспан мен Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Туралиев Нұр Мүбәрак университетінде оқып жатқан ақтөбелік студенттермен кездесті.

Кездесуге университет проректоры Қайрат Құрманбаев та қатысып, жастарға елге қызмет етудің маңыздылығын сөз етті. Университет ұстазы Асқар Сабдин де дастархан басында студенттерге қызмет етуге қатысты ой-пікірін ортаға салып, мотивация берді.

«Нұр Мүбәрак университетінде 59 ақтөбелік студент білім алуда. Кездесудің негізгі мақсаты – 2019-2020 оқу жылында исламтануды бітіретін болашақ 16 түлекті облысқа діни қызметке тарту. Жас мамандарға облыста нақты қандай жағдай жасалатыны жөнінде басқарма басшысы Әлімбек Жәнібекұлы айтып өтті. Одан бөлек биыл облыс әкімі діни кадр дайындау мақсатында облыстан исламтану мамандығына 8 грант бөлді.

Ақылы бөлімде оқитын 5 студенттің оқу ақысын төлеп берді. Ақтөбе өкілдігінің өзі жыл сайын қаншама ақылы бөлімнің студенттерінің оқу ақысын жамағатты жұмылдыру арқылы төлеп келеді. Мұның барлығы да – діни кадр дайындауға деген қолдау. Жалпы алғанда медресе мен университетте ақтөбелік 181 жас діни білім алуда. Ендігі кезек осы азаматтардың жауапкершілікті сезініп елге діни қызметке оралуында. Алла сәттілік пен дұрыс шешім қабылдауды нәсіп етсін!» деді Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру