Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Рухани құндылықтар насихатталды

Қостанай облысы бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 05.12.2019 2662 0 пікір
Қостанай: Рухани құндылықтар насихатталды

Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті және жастар ресурстық бастамалар орталығы бірлесе отырып, Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын таныстыру мақсатында «Жеті рухани қазық» тақырыбында насихат-форумын өткізді.

Басқосуға шаһардағы қазыналы қарттар, ардагерлер және жас буын өкілдері қатысты. Форумның негізгі мақсаты – қоғамда рухани құндылықтарды насихаттап, өскелең ұрпаққа имани тәлім-тәрбие беру, дәстүрлі ислам құндылықтарын олардың бойына сіңіру.

Жиын модераторы, Жастар ресурстық орталығы директоры Аманкелді Ахметжанов Нұр-Сұлтан қаласында өткен форум туралы жан-жақты айтып берді. Басқосуда қала әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров «Сана түзелсе – адам түзеледі» деген тақырыпта, «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы дініміздегі асыл құндылықтар хақында баяндама жасады.

Сондай-ақ, форумға келген көпшілік қалалық «Рухани жаңғыру» кеңсесі директоры Роман Аймағанбетұлының, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлының, Фурманов ауылындағы «Тәубе» мешітінің имамы Нұрхан Асанұлының, тарихшы-этнограф Шөптібай Байділдиннің ұлағатты да мазмұнды ой-пікірін ұйып тыңдады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру