Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Мешіт имамы «Сыр қамқоршысы» сыйлығымен марапатталды

Қызылорда облысы бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 05.12.2019 2949 0 пікір
Мешіт имамы «Сыр қамқоршысы» сыйлығымен марапатталды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың қатысуымен облыстық «Жомарт жүрек» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

«Жомарт жүрек» сыйлығын марапаттау жөніндегі комиссияның қорытындысына сәйкес, қасиетті Сыр елінің топырағын түлетуге атсалысып жүрген бір топ азаматтарға номинациялар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Аудандық, қалалық кезеңнен үздік деп танылған 40 үміткердің ішінен облыстық комиссия мүшелері анықтаған 6 номинация бойынша бірқатар азаматтар марапатқа ие болды. «Сыр қамқоршысы» номинациясымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы «Зекет» қорының жетекшісі, «Ерназар Мақсұм» мешітінің имамы Оңталап Жидебаев марапатталды.

Сонымен қатар өзге де номинациялар бойынша «Ерен еріктілік» номинациясымен «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қорының төрағасы Сағатбек Қуанышбайұлы, «Туған өлке» номинациясымен Сырдария ауданы «Мади қажы» ЖШС директоры Сейткамал Сұлтанов, «Жыл меценаты» номинациясымен «Абай-Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев, «Жыл тұлғасы» номинациясымен «Еңбек-Жер» ЖШС директоры Шакизатхан Искаков, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Жаңарған жаңақорған жастары» еріктілер ұйымы марапаттауға ие болды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру