Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Мағыналы да мәнді кездесу

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 29.11.2019 2929 0 пікір
Мағыналы да мәнді кездесу

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы Азамат Серікбайұлы Қашар кентінде болып, ауқымды кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Қашар кен өндіру басқармасының жұмысшылары және №2 қазақ мектебінің оқушыларымен кездесіп, «Ислам – бейбіт дін» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Жүздесу барысында Азамат Серікбайұлы жиынға қатысушыларға асыл дініміздің негіздері мен құндылықтарын түсіндірді. Мешіт қызметкерлерінің негізгі мақсаты еліміздегі халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайту екеніне тоқталды. Сонымен қатар, бауырларымыз бойын теріс ағымдардан аулақ ұстауы қажет екенін еске салды. Кездесулер өте мағыналы да мәнді ұйымдастырылды.

Басқосу кезінде жиналған қауым тарапынан өзекті тақырыптарға байланысты сауалдар да қойылды. Азамат Серікбайұлы оған нақты жауап берді. Сөйтіп жұртшылық біршама мәліметтер мен деректерге қанықты. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру