Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

РАНТ мүшесі – Семейде

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі 29.11.2019 2585 0 пікір
РАНТ мүшесі – Семейде

Семей қаласына Екібастұз қаласының бас имамы, РАНТ мүшесі, теолог Бауыржан Отарбаев атбасын тіреді.

Ол уағыз-насихат жұмысын Тыныбай мешітінен бастады. Семейдегі Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Баешов жамағатқа Бауыржан Отарбаевты таныстырды.

Кездесуде теолог Бауыржан Отарбаев «Шынайы мұсылманның келбеті» тақырыбында және мұсылман арасындағы бауырмалдық жайында уағыз айтты. Жиылған қауым уағызды ұйып тыңдап, мешіт іші жамағатқа лық толды.

Құран аятынан, сахих хадистерден дәлел келтіріп, тақырыпты кеңінен ашып түсіндірді. Сондай-ақ жамағатты бірлікке, ынтымаққа шақырды. Кездесу соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру