Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Бөлім басшысы – Қызылжарда

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі 29.11.2019 2453 0 пікір
Бөлім басшысы – Қызылжарда

ҚМДБ Қайырымдылық және уахып істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев Петропавл қаласында өткен III аймақтық имамдар форумына қатысты.

Жиында бөлім басшысы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының құттықтау сөзін жеткізіп, «Жеті рухани қазықтың» имандылық құндылығы бойынша «Тәрбиенің түп қазығы – имандылық» тақырыбында баяндама жасады.

Аталған игі іс-шарамен қатар бөлім басшысы СҚО «Қызылжар» орталық мешітіне қарасты қайырымдылық мекемесінде болып, білім талап етушілерге бата берді.

Бұдан кейін Петропавл қалалық телеарнасындағы «Руханият» бағдарламасына сұхбат беріп, іс-сапар одан әрі «Қызылжар» қалалық мешітінің жамағатымен кездесумен аяқталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру