Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Университеттер байланысы білімді кемелдендіреді

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 29.11.2019 2342 0 пікір
Университеттер байланысы білімді кемелдендіреді

Халықаралық Өзбекстан Ислам академиясы мен Нұр-Мүбарак университеті арасындағы байланыс нығая түсуде. Бұл жайлы ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди мен университеттің оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Жалғас Сандыбаев Өзбекстанға арнайы сапар барысында нақтыланды.

Тарихы 1997 жылдан басталатын әріптес университет өткен жылы Халықаралық Өзбекстан академиясы деп атын өзгерткен болатын. Ресми қабылдау мен екі университет өкілдерінің өзара танысу шарасынан кейін білім беру жүйесіндегі серіктестікті одан әрі дамыту жайы талқыланды. Атап айтқанда бакалавриат, магистратура, докторантура бөлімдерінде шәкірт алмасу мәселесі кеңінен қозғалды. Сондай-ақ ұстаз алмасу мүмкіндіктері, Өзбекстандағы мол қолжазба қорларымен жұмыс істеу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Ресми қабылдаудан кейін ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди академия студенттеріне исламның ғылымдағы рөлі және оның қазіргі әлемдегі рөлі туралы дәріс оқыды. 

Өзбекстан астанасынан кейін Нұр-Мүбарак университетінің делегациясы Самарқандағы әл-Бұхари орталығына, Хадис орта мектебіне, Бұхарадағы «Мир Араб» орта мектебіне барды. Сондай-ақ Ташкент, Самарқан, Бұхарадағы қасиетті жерлерге зиярат жасалды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру