Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Араб тілінің білгірлері арнайы семинар өткізді

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 26.11.2019 2358 0 пікір
Араб тілінің білгірлері арнайы семинар өткізді

Нұр-Мүбарак университетіне Абдулла ибн Абдулазиз патша атындағы Араб тілін қолдауға арналған халықаралық орталық өкілдері арнайы атбасын тіреді.

«Тіл үйренуші баланың, білім деңгейін, ынтасын арттырып, әрбір жетістігіне қуана білуіміз керек» дейді халықаралық орталық өкілдері. Нұр-Мүбарак университетіне арнайы атбасын тіреген бұл орталық Құран тілін араб емес өзге ұлттарға үйретудің тәсілдерін жетілдірумен айналысып келеді. 

Университет ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат мырзаның қабылдауында болған орталық өкілдері Қазақстанда зәулім ислам оқу ордасының барына ризашылық білдіріп, университеттің тыныс-тіршілігімен танысты. Студенттермен кездесу барысында орталық өкілдері араб тілін үйренудің тиімді тәсілдерімен бөлісті. Университеттің Араб және ағылшын тілдер кафедрасының оқытушы-профессорлары да өз ойларын ортаға салып, студенттер бірнеше тілде қонақтарға лебіз білдірді.

Бірнеше тіл меңгерген студенттердің сөйлеу мәнері, сөз саптау деңгейінен Нұр-Мүбарак университетінің білім беру сапасын да аңғарып қалған орталық өкілдері университет басшылығына ризашылығын жасырмады. Екі тарап бір-біріне сый-кәде жасап, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, Қазақстанда Абдулла ибн Абдулазиз патша атындағы Араб тілін қолдауға арналған халықаралық орталығы өкілдері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Нұр-Мүбарак университетінің араб тілі оқытушыларына арнап арнайы семинар өткізе бастады. Семинар барысында араб тілінің білгірлері шәкіртке шет тілдерін үйренудің тиімді тәсілдері мен оңтайлы жолдары жайлы жан-жақты тәжірибе алмаспақ. 

  

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру