Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Бас имам аймақтарды аралады

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 26.11.2019 2893 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам аймақтарды аралады

Аймақтардағы мешіттердің жағдайын білу және жамағатпен танысу мақсатында ҚМДБ-ның Маңғыстау аймағының бас имамы Ануар Елжанов Қарақия ауданында болды. Бас имамды аудан әкімі Қыдырберді Беков қабылдады.

Ануар Елжанов аймақтағы жалпы діни ахуал туралы әңгімелеп, өз ұсынысын айтты. Ал Қыдырберді Әндірұлы жастардың жат ағымдардан аулақ болуы мәселесінде әрқашан бірге жұмыс жүргізуге дайын екенін және ауданға білікті теолог келер болса, қызметтік пәтермен қамтитын ниетін жеткізді. Әкіммен жүздескеннен кейін Әнуар Ізімбайұлы аудан мешітіндегі жамағатпен жүздесті.

Бұдан кейін бас имам кезекті сапарын Мұнайлы ауданында жалғады. Аудан орталығы Маңғыстау ауылында болған ол мұндағы «Миғраж» мешіті жанынан құрылған «Үмбет жастары» тобының жастарымен, олардың қайырымдылық бағытындағы жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ ол Мұнайлының Қызылтөбе ауылында «Мұстафа» мешітінің жамағатымен кездесіп, осында өткен Мәуліт мерекесіне қатысты.

   

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру