Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Иман» журналының жаңа саны шықты

26.11.2019 2938 0 пікір
«Иман» журналының жаңа саны шықты

Басылымның желтоқсан айындағы санында жарияланған материалдармен алдын ала қысқаша таныстырайық. Журнал «Отанды сүю – иманнан» айдарымен «Рухани құндылықтарымызды қадірлейік!» деген үндеумен ашылған.

«Бас мүфти мінбері» айдарымен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің «Отан және иман», «Сауап» айдарымен «Құран оқыңыз», «Уақыт үні» айдарымен «Желтоқсан жаңғырықтары», «Тарихи таным» айдарымен «Қасым ханның қасқа жолы», «Ұлт зиялылары» айдарымен  «Қайтсек көркейеміз?», «Қадірлейік» айдарымен «Қазақ тілі – сырлы да нұрлы тіл», «Тәпсір» айдарымен ««Саф»  сүресі», «Пәтуә» айдарымен «Исламның  зайырлы  білім  алуға  көзқарасы», «Салт-дәстүр» айдарымен «Марқұмның дүниеден өтуіне қатысты», «Ізгілік» айдарымен «Мұсылман  –  мұсылманға  бауыр», «Ғибадат» айдарымен ««Әттахият»  отырысы», «Маңызды» айдарымен ««Көппен  жалғыз  алысуға...»», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Бір  минутта...», «Таным» айдарымен «Алланың сәлби сипаттары», «Сауап» айдарымен «Ата-анаңның ризалығын ал!», «Балаларға базарлық» айдарымен «Құмырадағы  теңгелер» деген материалдар жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда: «Қысқа да нұсқа» айдарымен «Жігітті  сын ширатады», «Адалдық» айдарымен «Ізгіге ізгі лайық», «Өнеге» айдарымен «Тақуа жігіт», «Зерде» айдарымен «Қазақ ... болашағын ойлауы  керек», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Таң намазына ұйықтап қала беремін...»,  «Ғибрат» айдарымен «Опасыз  оңбайды», «Ойласу» айдарымен «Байыппен ойласақ...», «Ой салу» айдарымен «Шүкірлік құлшылықпен өтелсе...», «Даналық» айдарымен «Алтылық  бап», «Тағылым» айдарымен «Қожа Ахмет Иасауи», «Зікір» айдарымен «Серігің жоқ бір Алла», «Нақыл» айдарымен «Балпық  би», «Шешендік-өнер» айдарымен «Біке  шешен», «Жауһар жыр» айдарымен «Өлшеніп  берген  өмір  бар», «Абайла да сақтан» айдарымен «Отанын  тәрк  етушілер», «Жаттап айтыңыз!» айдарымен «Күнде оқылатын дұғалар», «Халық қазынасы» айдарымен «Мақал-мәтелдер», «Данадан үйрен» айдарымен «Кім соқыр?», «Ерлік – елге мирас» айдарымен «Ержүрек  қазақ  қыздары», «Бес мысал» айдарымен «Бүркіт пен тасбақа», «Анаға кеңес» айдарымен «Емізуді ерте тоқтатпаңыз!», «Шипа Алладан: шығыс емі» айдарымен «Бауырыңыз  ауырса»  деген танымдық мақалалардың да өз оқырмандарын қызықтырары сөзсіз.

 Құрметті оқырман!

Діни басқарманың төл басылымы, 2001 жылдан бері шығып келе жатқан өзіңіз сүйіп оқитын «Иман» журналына келесі жылға жазылудың соңғы айы өтіп жатқанын қаперіңізге саламыз. Индексі – 75998. Мешіт арқылы жазылсаңыз бағасы бұрынғыша бір жылға – 3 000 теңге. Ал жеке жазылғыңыз келсе, жергілікті пошта бөлімшесіне барыңыз.

Ескерту:  Бір жылға толық жазылу қажет. Жазылу 20 желтоқсанға дейін қабылданады. Мүмкіндігінше жолдас-жораларыңыз бен таныстарыңыздың да журналға жазылуына ықпал етсеңіз, басылымның таралу ауқымын кеңейтуге, сол арқылы ата-бабамыздың асыл діні мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үнінің халыққа жете түсуіне үлес қосып, сауап та аласыз.

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда «Иман» журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруге болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де төмендегі ұялы телефон арқылы жүзеге асады: +7 778 948 7410, +7 700 110 0637.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру