Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Аягөздегі айтулы кеш

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі 25.11.2019 2553 0 пікір
Аягөздегі айтулы кеш

Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінде екі дүние сұлтаны Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы құрметіне Мәуліт мерекелік шарасы өтті.

Сахна шымылдығы шақырылған азанның әуезді үнімен жайылып ашылып, мешіт имамы, ұстаздар мен шәкірттердің Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуымен басталды.

Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Белгілі айтыскер ақын Дидар Қамиевпен Нұрмұхамед Байсүгіровтің айтысы мерекенің ажарын аша түсті.

Демеушілер айтыс ақындарына ат-шапаны мен сый-сияпатын жасады. Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған сахналық қойылым еріксіз көзге жас алдырып, көпшіліктің көңілінен шықты.

Аягөз қалалық мешітінің 2019 жылы атқарған істерінен бейнеролик көрсетіліп, діни әндер шырқалды. Кеш соңында ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жиналған қауым мерекелік көңіл күймен келесі Мәулітке амандықпен жетуді тілесті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру