Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қарағанды: Жастармен жылы жүздесу

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 25.11.2019 2364 0 пікір
Қарағанды: Жастармен жылы жүздесу

Қазіргі қоғамымыздағы ішкі тұрақтылық пен рухани тазалықты сақтауда имандылықтың рөлі зор. Әсіресе, жастар арасында діни түсінік дұрыс қалыптастыру және имандылық иірімдерін сауатты түрде насихаттау ісі маңызды. Осыған орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, жастар ісі бойынша жауапты маман Нұржігіт Оразалыұлы екі бірдей оқу орнында өткен кездесуге қатысты.

Қарағанды медицина колледжі мен Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ жастарымен өткен басқосуда наиб имам: «Асыл дінімізде адам баласының негізгі мұраты – жер жүзінде өркениет пен мәдениетке негізделген өмірді көркейту. Ол жөнінде қасиетті Құранда: «...Ол Алла сендерді жерден жаратты әрі сол жер бетінде өмір сүріп, оны көркейтулеріңді қалады ...» («Һуд» сүресі, 61-аят), – делінген. Ендеше, мемлекеттің өркендеуі оның экономикасының дамуымен, халықтың әл-ауқатының артуымен ғана өлшенбейді. Мемлекетті құрайтын ұлт болса, сол ұлттың жан-жақты білімі, жан дүниесінің тазалығы, рухани байлығы – аса маңызды мәселе.

Әйгілі ойшылдардың бірі «Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» деген сөзінде үлкен мән жатыр. Сондықтан рухани байлық пен ізгілік бойында қалыптасқан жастардың қоғамға тигізер пайдасы да көп. Мемлекетіміз бізге жас кезімізде қамқорлық танытқаны секілді, біз де ертеңгі күні  бірлігі жарасқан еліміздің білімді, өнерпаз, еңбекқор, иманды, салауатты ұрпағы болуға тиіспіз» деді.

Елордада өткен ІІІ имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» қағидалары да жастардың жадында жаңғырды. Адастырушы жат ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді. Жастар тарапынан діни сауалдарға жауап беріліп, өзара сұхбаттармен жалғасқан рухани кеш соңы наиб имамға оқу орнының басшылығы тарапынан алғыс хат табыстаумен аяқталды.

  

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру