Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Сәдуақас қажы мешітіндегі сәулелі кеш

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі 25.11.2019 2739 0 пікір
Сәдуақас қажы мешітіндегі сәулелі кеш

Мәуліт мерекесі – ғаламның рақым нұры, екі дүниенің сұлтаны, қараңғылықтың түнегін түріп, жарыққа бастаушы, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айы – мұсылман қауымы үшін ерекше мейрам. Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті жылдағы үрдіс бойынша түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырды.

Мәуліт оқылып, түрлі қайырымдылық шаралар өткізілуімен қатар, «Мәуліт» кітабы таратылды және «Адамзаттың ардақтысы» атты мүшайра жарияланды. Сондай-ақ, бүгін ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы «Аналар мектебі» клубының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Үмметіне үлгі болған Мұхаммед» атты Мәуліт мерекесі ұлықталды.

Аталған шараны «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы қари Нұриддин Күлер Құран оқумен бастап, елімізге белгілі қари Қайырбай Дәукенұлы мен Рахымберді Рүстем, арнайы Мәуліт шәрифін жырлап, Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар жолдады.

Наиб имам Қанат Алшынбаев ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен сыр шертетін естеліктер айта келіп, жиналған жамағатты қасиетті мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Динара Құтқожақызы қатысып, әйелдер қауымына Мәуліт мерекесінің ерекшеліктерін айтты.

Мерекелік шара аясында 100 адамға дастарқан жайылды. Дастарқан басында арнаулы қонақтар мен ақжаулықты аналар құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің мерейін асыра түсті. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өміріне қатысты сұрақ-жауап сайысы да жиналған жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның шұғылалы өмір-белестерінен зор мағлұмат берді. 

Шара соңында «Аналар мектебі» клубы, әйел жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова және Айгүл Көксегенқызы дін жанашырылары және демеушілерге алғысхаттар табыс етті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру