Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Бас имам – Құрманғазы ауданында

http://www.islam-atyrau.kz/ 22.11.2019 3401 0 пікір
Бас имам – Құрманғазы ауданында

Құрманғазы ауданына іс-сапары аясында Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті Темірәлі мешітіне барды.

Құлшылық үйінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Сондай-ақ атқарылып жатқан жобаларға байланысты тапсырмалар берді. Бұдан кейін бас имам аталған мешітте жергілікті жамағатпен жүздесті. Жүздесу барысында ол ел бірлігі, қоғамдық түрақтылық, жамағат арасындағы ауызбірлік мәселесін көтерді. Сондай-ақ, дін мен ділді сақтауда «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының темірқазық бола алатынын айтты.

«Тұғырнама мұсылманның тұла бойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншылдық, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық» деп атап өтті бас имам.

Бұдан бөлек Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті зиялы қауым өкілдері және жастармен кездесіп, жастар тәрбиесі, қоғамдық тұрақтылық мәселесіндегі діннің рөлі, дін мен дәстүр сабақтастығы туралы ой білдірді.

Сондай-ақ бас имам сапар барысында Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаевпен кездесті. Екіжақты кездесу аясында қос тарап елдегі, жергілікті жердегі діни ахуал, мүфтият тарапынан атқарылып жатқан діни ағарту жұмыстары, қоғамдағы тұрақтылықты жетілдірудегі діннің рөлін талқылады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру