Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Зекет» қоры мұқтаж отбасыға жәрдем берді

«Зекет» қорының баспасөз қызметі 12.11.2019 2508 0 пікір
«Зекет» қоры мұқтаж отбасыға жәрдем берді

Жуырда «Зекет» қоры қызметкерлері мұқтаж 3 отбасыға азық-түлік апарып, тұрмыс жағдайымен танысып, басқа да қажеттіліктері жайлы сұрастырып қайтқан еді.

Сондай-ақ қор қызметкерлері алдағы уақытта тағы көмек көрсететіні жайлы хабардар еткен болатын.

Мұқтаж отбасылардың бірі – жалғызбасты ана. Жолдасы дүние салған. Өзі еден жуушы болып жұмыс істейді. Тапқан-таянғанын 3 баласының аузына тосып, қала шетіндегі жер үйдің бір бөлмесін жалға алуға жұмсап келеді екен. Оған қоса, отағасы қайтыс болған кезде алған қарызы тағы бар. Міне, осындай таршылық көрген отбасыларды бей-жай қалдырмаған «Зекет» қоры жомарт жандардың көмегімен мұқтаж отбасының қарызын және 4 айлық пәтерақысын төлеп берді.

Бұдан бөлек қалған екі отбасыға да азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністер, қыстық киім-кешек жеткізіліп, 4 айлық пәтерақысы төленді.

Сіз де осындай мұқтаж жандарды қуантып, сауапты іске атсалысқыңыз келсе, төмендегі телефон нөміріне хабарлассаңыз болады:

8-775-417-19-12



Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру