Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Бас имам Жаңаөзен мешіттерін аралады

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 08.11.2019 3424 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам Жаңаөзен мешіттерін аралады

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жаңаөзен қалалық орталық мешітін, «Әбіш – Қожа», «Рахат – Ислам» мешіттерін және Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылдық «Қосай ата», Қызылсай ауылдық мешіттерін аралап, имамдарымен жүздесті.

Имамдарға жұмыс бағытын түсіндіріп, діни басқарма тарапынан келген барлық нұсқаулықтарды орындауға, имамның тұлғалық келбетіне сың келтірер барлық жаман қылықтардан аулақ болуға, мешітке келген әрбір жамағаттың сұрағына толыққанды жауап беріп, жоғары деңгейде қызмет көрсетуге шақырды.

Сонымен қатар Бас имам мешіттердегі сабақ кестесімен, жүргізіліп жатқан уағыздардың тақырыптарымен, шәкірт санымен, мешіттің ішкі- сыртқы тазалығымен, жалпы діни ахуалымен танысты. Осылайша Жаңаөзенге қарасты мешіттердің жағдайымен танысқан Бас имам дінге қызмет етіп жүрген имамдарға алғыс айтып, Мәуліт мерекесіне байлынсты атқарылатын бірқатар іс-шараларға тапсырмалар берді.  

Іс сапар соңында бас имам Жаңаөзен қалалық орталық мешітінде құптан намазынан кейін екі дүние сардары болған пайғамбарымыз туралы уағыз - насихат айтты.


Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру