Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАҚ өкілдеріне арналған тренинг басталды

kazislam.kz 08.11.2019 138 0 пікір
БАҚ өкілдеріне арналған тренинг басталды

Бүгін елорда төрінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дін істері комитетінің тапсырысымен «Royal Park Hotel & SPA» қонақүйінде (Қобыз сарайы) астаналық және облыстардағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, сарапшылар мен дінтанушылардың қатысуымен «Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған тренинг» басталды.

Тренинг мақсаты – БАҚ-тағы діни тақырыпты және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру және шеберлігін шыңдау. Іс-шара барысында, БАҚ арқылы тұрғындарға дұрыс әрі шынайы ақпарат жеткізудің тәсілдері мен әдістерін қарастыру, экстремизм және терроризмнің алдын алу мәселелерін ашу бойынша мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара ынтымақтастығын арттыру мәселелері қозғалады.

Семинар тренинг соңында қатысушыларға арнайы сертификат табыс етіліп, биыл дін тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді материал жариялаған журналистер марапатталатын болады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі