Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Qamqor-Sharapat» орталығының директоры

«Qamqor-Sharapat» орталығының директоры

Камалжан Тұрдыбаев Бекбосынұлы  

1977 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

 

Жоғары білімі:

1994-1996 жылы Ислам институтында оқып, 2007-2012 жылы Семей мемлекеттік педогогикалық институтын тәмамдаған.

2012-2014 жылы Семей Инновациялық университетінен Педогогика және психология магистрі және 2014-2016 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінен Дінтану магистрі дәрежесін алған.

 

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1996-1997 жылы ШҚО Бородулиха ауданына қарасты Станция ауылында имамдық қызметін бастаған.

1997-2004 жылы Семей қалалық «Тыныбай» мешітінің наиб имамы болды.

2004-2011 жылы «Тыныбай» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарса, 2011-2013 жылдары Қос мұнаралы орталық мешіттің наиб имамы қызметтерін атқарды.

2013-2018 жылы ҚМДБ Дін істері бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2018-2019 жылы «Таугүл-3» мешітінің бас имамы болды. 

2019-2021 жылдары ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти бұйрығымен «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры қызметіне тағайындалды.