Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Серікжан Еншібайұлы

Серікжан Еншібайұлы

1982 жылдың 8 қыркүйегінде Монғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген.

Білімі:

-2000-2004 ж.ж. Халықаралық Қазақ-Араб Университеті. Шымкент қаласы Мамандығы: Дінтанушы және араб тілі пәні мұғалімі (үздік диплом)

-2004-2007 ж.ж. «Хасеки» Академиясы. Түркия, Кония қаласы.

-2009-2011 ж.ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті магистратура. Мамандығы: Дінтану магистрі (үздік диплом)

2016 қараша. Египет. Каир қаласы. Әл-Азһар унив. Дар аль-Ифта (Пәтуа бөлімі) 2 айлық білім жетілдіру курсы. 

2018 жылдан бастап «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам Мәдениеті университеті докторанты (ІІ курс, дінтану) 

Еңбек жолы:

-        2007-2012 жж  ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің референті қызметі.

-        2012-2015 қараша Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің найб имамы

-        2015 қараша - 2017 наурыз Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы

-        2012-2017 Ақтөбе обл Дін істер басқармасы, «Ансар» КММ теологы  ретінде (имамдық қызметпен қатар келісім-шарт негізінде) деструктивті діни ағым өкілдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

-        2017-2018 Атырау қаласы «әт-Тақуа» мешітінің найб  имамы  және «Шапағат» орталығының теологы (келісім-шарт негізінде) қызметін атқарды

-        2018 жылдан бастап Алматы қаласы Наурызбай ауданы Ибраһим мешітінің бас имамы

-        2016 жылдан бастап Республикалық ақпарат наихат тобының (РАНТ) мүшесі

 Үйленген, 4 қызы, 1 ұлы бар.