Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Мүміндердің анасы – Сәуда бинт Зумъа

Әйгерім Есқожаева muftyat.kz 26.01.2018 5491 0 пікір

 

Сәуда бинт Зумъа (ол кісіге Алла разы болсын) Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екінші әйелі болған. Әз пайғамбар аяулы жары Хадиша бинт Хуайлид (ол кісіге Алла разы болсын) өмірден озғаннан кейін осы кісімен отасқан еді.

Сәуданің әкесі Зумъа ибн Қайис ибн Абд-Шамс ибн Абд Уадд ибн Әмир ибн Луъай ибн Ғалиб болған. Сәуданің ата тегі пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ата тегімен Луъайдың ұрпақтарында қосылады.

Анасы әш-Шамус бинт Қайис ибн Зәйд, бану Әмир ибн Ғанм ибн Әди ибн ән-Нажар әл-Ансари руына жатады. Бұл кісі Абд әл-Муталлибтың анасы Салма бинт Амр бин Зәйдтің жиен сіңілісі болған.

Сәуда бинт Зумъа Құрайыш тпайпасындағы ең құрметті әрі өз руының үлгі тұтар әйелінің бірі болған. Имам әз-Заһаби ол кісі жайлы: «Ол құрметті әрі текті әйел болған»,- деп жазған.

Ибн Сағд болса:

«Сәуда Ислам дінін қабылдап, алғашқы жылдарда дін таратпақ болып пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөз береді. Оның жолдасы, әйгілі сахаба Сухайл ибн Амр әл-Әмиридің ағасы әс-Сарқан ибн Амр Сәудамен бірге дінді қабылдап, бірге Абиссинияға қоныс аударған».

Абиссинияға қоныс

Иман келтіргендердің бірі болған Сәуда бинт Зумъа Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзге сахабаларымен бірге көптеген сынақтарды басынан өткізеді. Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңынан ерушілердің көпшілігі өз руының тарапынан ешқандай қолдау көрмеді, кей кездері тіпті туыстары тарапынан аңдылып та жүрген кездері болған. Сәуда да барлық туыстары Алланың Жалғыздығына әрі Оның елшісіне (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) иман келтіруден бас тартқандардың сахабалардың қатарынан болатын.

Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ағасы Әбу Талиб қамтамасыз етіп қойғандықтан, өз руының қолдауында болып, иман етпеген құрайыштықтар ол кісінің ізіне сирек түсетін.

Мұсылмандардың жағдайы шектен шыға қиындап, иман келтіргендер азапталып өлтірілгендер мен имансыздардың қысымынан діннен бас тартып кеткендер және кәпірлерден өзінің дінді қабылдағанын жасырып жүретіндер көбейіп бара жатқан кезде Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Абиссинияға барыңдар да, Алла Тағала бастарыңа келген қайғыдан арылтқанша сол жерде қалыңдар. Ол жер сендерге пана болады, өйткені ол жердің басшысы әділ әрі қысым көрсетпейді»,- деп оларға Эфиопияға қоныс аударуларына рұқсат береді

Қоныс аудару мүшріктерден жасырын, теңіз арқылы жүзеге аспақ болып шешіледі, оларды Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ағайынды бауыры әрі сахабасы Әли ибн Әбу Талибтің туған ағасы Жағфар ибн Әбу Талиб бастап жүрді.

Сахабалар түн ішінде үйлерін тастап, жолға шығады. Олардың бір бөлігі жалғыз өздері келсе, жартысы отбасымен абиссинияға келеді. Сәуда мен оның күйеуі әс-Сакран ибн Амр (оларға Алла разы болсын) Бану Амир руының сегіз адамдық тобымен бірге қоныс аударған еді.

Сәуда бинт Зумъа (ол кісіге Алла разы болсын) дін жолында дүниесін жұмсады әрі сабырлық танытып, Алланың разылығынан үміт етіп, осы сапарда да жолдасына жолсерік болды. Осылайша, Алла Тағала Өзінің құлдарын жақсылықтар мен де, келеңсіздіктермен де сынайды.

Абиссинияға қоныс аударған мұсылмандардың артықышылығы жайында Алла Тағала аят түсірген:

«Бір Аллаға сенгені үшін өз жерінде әбден зәбір-жапа көргеннен кейін Алла үшін елін, жерін тастап, хижрет еткендерді бұл дүниеде жайлы қонысқа жақсылап орналастырамыз, ал ақиретте берілетін сый-сияпат болса, шәк-шүбәсіз одан әлдеқайда зор. Әттең, (адамдар) мұны білсе ғой!»

(Нахл сүресі, 41 аят)

Біраз уақыт өткен соң Абиссинияға қоныс аударған сахабаларға мүшріктер Исламды таратуға рұқсат беріпті, Исламды қабылдағандарды құлшылық кезінде жайына қалдырып, іздеріне түсіп, аңдуларын да қойыпты деген жалған хабар жетеді.

Бұл хабарды естіген сахабалар қуаныштан толқып, кейбірі Меккеге қайтпақ болады. Олардың арасында Сәуда мен оның күйеуі де бар еді. Бір топ сахабалар Меккеге кірген кезде кәпірлердің пайғамбарымызбен (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бітімге келгені рас болмай шыққанын мұсылмандарды азаптау әлі жалғасын тауып жатқанын біледі.

Әс-Сакран ибн Амир науқастанып қалған еді, Абиссиниядан келген бетте ауруы асқынып, әлі кетіп, аз уақыт ішінде өмірден озады. Сәуда (ол кісіге Алла разы болсын) болса күйеуінің қазасын сабырлықпен қабыл алады.

Сәуда бин Зумъа Омар ибн Хаттабтың халифалығы  кезінде, сексен жасында өмірден озады. Әбу Бәкірдің қызы Айша анамыз Сәуданың дүнеден озғанын естігенде: «Сәуда секілді маған жақын әрі сүйікті әйел болмады» деп жылаған екен.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру