Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Әйелді еркек-акушердің босандыруына бола ма?  

muftyat.kz 08.08.2017 5398 0 пікір

 При наличии возможности лучше всего обратиться к врачу-женщине

Сұрақ: Әйелді еркек-акушердің босандыруына бола ма?  

Жауап:  Мүмкіндік болса, ең тәуірі, әйел-дәрігерге көріну керек. Аса қажеттілік болмаса бөтен адамның алдында әурет жерлерін ашуға тыйым салынған болып саналады. Алайда егер, мысалы, ота жасау, босандыру немесе сүндетке отырғызу қажеттілігі туып жатса, бұл жағдайда әурет жерді қажет болғанынша ғана ашуға болады.  Егер әуреттің бір қарыс жерін ашу керек болса, онда қалған жерін   ашуға тыйым салынады.  

Ал нақты босандыру мәселесіне келер болсақ, ең дұрысы, мүмкіндік болса әйел-дәрігерге көріну.  Егер мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда ғана еркек-дәрігердің босандыруына рұқсат етіледі.

Кез-келген әйел тексерілуге, емделуге немесе ота жасатуға мұқтаж болуы мүмкін.  Егер осындай жағдайға тап болған қыз-келіншектердің әйел-дәрігерлерге көріну мүмкіндігі болса, тіпті жақсы болар еді. Ал егер де қыз-келіншектердің мұндай мүмкіндігі болмаса, онда еркек-дәрігерлерге көрінуіне рұқсат етіледі.

Бұл мәселе ер адамдарға да қатысты. Егер еркек науқастың еркек-дәрігерге көріну мүмкіндігі болып жатса, онда ол еркек-дәрігерге көрінуі тиіс. Егер мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, ер адам әйел-дәрігерге көрінуіне болады  (Бадаиус-Санаи, 6 т., 296 б.).

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру