Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жәһәннамға отын болатын әйелдер. Ариятул қасиялар (Жартылай жалаңаш әйелдер) (5)

22.04.2014 11683 0 пікір

Бөтен еркектердің алдында денесін ашып жүруден ұялмайтын, ар-ұяттан, дін-иманнан жұрдай Ислам тәлімінен марқұм калған әлсіз әйелдердің бүкіл қайғысы еркектердің назарын өздеріне аудару болып табылады. Олар табиғаты пәк иманды адамдар жақтырмайтын әдепсіздіктің асқан түрлеріне бой алдырып, бұйдалы тайлақтай шайтанның жетегіне еріп, өрескел қылықтарға жол береді, мода қуып киініп, тарануда, көз көріп, құлақ естімеген «жаңалықтар» ашуда. Пайғамбарымыз, сәллә Аллаһу алейһә сәлләм, келешекте адамдар арасынан екі топ шығатыны туралы хабар берген: «Тозақтық болған екі топ: қолдарына сиырдың құйрығындай қамшы алып, жүгіріп жүретін кісілер және киінген, бірақ жалаңаш тәрізді өзгелерге көңіл қоюшы және өзгелердің назарын өздеріне аударуға ұмтылатын, бастары тура түйенің өркеші секілді әйелдер. Олар жәннәтқа кірмейді. Иісін де сезбейді».

Әйелдер шаштарын жұртқа көрсетіп, ұзын қылып өріп қойып жүргендері үшін түйенің өркешіне ұқсатылды. Пайғамбарымыздың, сәллә Аллаһу уә сәлләм, дәуірінде болмаған ондай әйелдерді біздің ғасырымызда көптеп ұшыратуыңыз мүмкін. Киінген, бірақ жалаңаш тәрізді әйелдер...

Олар қандай жолмен болса да бөтен еркектерді өздеріне тартуды ойлайды. Әрі тар, әрі өте жұқа киінген бұл әйелдер, шындығында, киімсіз, тура жалаңаш секілді әсер қалдырады. Тіпті көкіректерін өсіру үшін қолдан келген барлық жағдайларды жасап бағады. Мақсат біреу – басқа еркектердің жүрегіне шоқ тастау, құмарлықтарын қоздырып, ақылдарын ұрлау. Алайда, мұндай жеңілтек әйелдер ар-намысы мен отбасы абыройының және мүлкінің қорғаушысы бола алмайды. Соңғы уақыттарда әйелдеріміздің көйлегіндегі әдейі істелінген жырық, тесік жерлері көбейіп кетпеді ме?! Ашығын айту керек, бүгінгі әйелдер киімдерінің жағасы, белі және арқа жақтары үлкенді-кішілі тесіктермен толған, тура терезе екен деп қаласын. Әйелдер осындай әрекеттерімен өз дәрежелерін көтермекші ме?!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру