Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Егде жастағы, бақытты әйелдің кеңесі.

10.03.2014 8369 0 пікір

Күйеуінің разылығына жеткен, тіпті күйеуі оған күн сайын махаббат жайлы өлеңдер оқығанды ұнатқан, қартайған сайын  махаббаттары күштірек және берік болған, бір егде тартқан дана әйелдің берік бақытқа жету құпиясы.

Оның айтуынша: Отбасылық бақытқа жету әйел адамның өз қолында, ол қаласа отбасының ұйытқысы болып,үйін  жәннат мекеніне айналдыра алады, қаласа үйін тозақ мекеніне айналдырып жіберуі де мүмкін.

Ешқашан да бақыт ақшада демеңдер: күйеулері тастап кеткен қаншама әйелдер бар.

Ешқашан да бақыт балада демеңдер: күйеулері жақсы көрмегендіктен,  дөрекілік танытып ренжіткендіктен, он ұлы болса да айырылысып жатқан қаншама әйелдер бар.

Сонымен қатар тамақ пісірдім деп міндетсінбеңдер, өйткені әйелдердің көбісі тамақ пісірудің сарапшысы болып табылады, себебі күйеуінің көңілін табам деп күн сайын тамақ істесе де, олардың разылығына жете алмай жүрген қаншама әйелдер бар.

Сонымен бұл қандай құпия? Күйеуіңнің разылығына жету үшін не істеу керек?

Дана егде жастағы әйел былай дейді: Менің күйеуім маған ренжіп, кейігенде мен сабырлық танытып, үндемеймін.

Сіз неліктен басқа бөлмеге кетіп қалмайсыз?

Әйел:  Ешқашан да  бөлмеден шығып кетуге тырыспаңыз, себебі ол сенің бұл іс-әрекетіңді басқаша түсініп, тыңдағысы келмегендіктен қашып барады деп ойлап қалуы мүмкін. Керісінше, сен оның барлық айтқандарына келісіп, үндемей отырғаның абзал. Мен өз басым оның ашуы тарқағанын күтіп, сосын сыпайы дауыспен: «Айтып болдыңыз ба?» деймін де,  ол ашу мен айғайдан шаршағанын басып, демалу үшін бөлмеден шығып кетемін. Үйдің шаруашылығымен айналысып, оның маған деген ашуын ойламауға тырысамын. Себебі ол онсыз да өзімен-өзі  ашуымен жеке қалады.

Содан кейін сіз не істейсіз, бірнеше күн бойы немесе апта бойы күйеуіңізге тіл қатпай, үндемей жүре бересіз бе?

Әйел:  Жоқ, үндемей  жүре беруге болмайды, ол жаман әдетке айналуы мүмкін, егер сен апта бойы онымен ренжіссең, алдымен оған ауыр тиіп, сенімен өзі сөйлесуі мүмкін, бірақ ол біртіндеп бұған да үйреніп алады. Сондықтан да сен онымен бір апта ренжіссең, ол сенімен екі рет ренжісуі мүмкін.
Сен оны мына жағдайларға сендіріп, иландыруың керек, яғни сен  оның тыныстайтын ауасысың, ол ішпесе өмір сүре алмайтын мөлдір суысың, сен ол үшін нәзік самал да және қатты жел де бола аласың.

Ал осыдан кейінсіз не істейсіз?
Екі сағаттан соң немесе кешірек мен оған бір стақан шырын немесе кофе апарып: « Өтінем, мынаны ішіп алыңыз», - деймін де, онымен сыпайы сөйлесемін. Ол біраз уақыттан соң менен: «Маған ренжіген жоқсың ба?»,-деп сұрайды. Мен жай ғана «жоқ» деп жауап қайтарамын. Сол кезде жүзі жылып, менен, өзінің қатыгездік танытып, ренжіткені үшін кешірім сұрап, жылы сөйлесе бастайды.


Сонда сіз оның жылы сөйлесіп сұраған кешіріміне  сенесіз бе?
Әрине, сонда сіз оның ашу үстінде айтқан сөзіне сеніп, кешірім сұраған сөзіне сенбегенім дұрыс деп ойлайсыз ба? Ислам ашумен ажырасқанда құптамайды, және ажырасудың өзін де. Ал бұл мәселеде, менің жағдайым не болмақ? 


Ал сіздің намысыңыз ше?

Әйел: Қандай намыс? Сенің намысың, ашу үстінде  айтылған сөзіне мән беріп, оның сабырмен айтылған сөзіне сенбеуіңде ме? 

Мен оны өте тез кешіремін, себебі оның жаман сөздеріне мән бермей, жақсылыққа айтылған сөзінің маңызын түсінуге тырысамын. Көп сөздің тобықтай түйінін жинақтай келе, әйелдер қауымына айтарым: «Берік отбасының құпиясы әйелдің санасында, ал бақыттың құпиясы оның тілінде».

Бұл әңгімеден көптеген оқырман қарындастарымыз ой түйіп, күйеуінің разылығына жетіп жатса, Аллаһ Тағаланың алдында дәрежесі көтеріліп, жәннаттық болуға жазсын. Әмин!

muftyat.kz

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру