Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Индира Бекбау» - мұсылман әйелдеріне арналған дизайнерлік киім.

06.03.2014 8166 0 пікір

«Индира Бекбау» –қазақстандық дизайнер Индира Бекбауованың сәнді мұсылман киімі. 2013 жылдың мамыр айында қалыптасқан жаңа бренд аз уақыттың ішінде  Қазақстандық   қыздардың арасында ерекше ілтипатқа ие болып, сонымен қатар БҰҰ мен күллі әлемге танымал болды. Бұл таң қаларлық емес, себебі брендпен ұсынған киімдер өте сапалы және өтімді келеді. Сонымен қатар, өндіруші көбінесе Түркия мен Оңтүстік Кореяның өндіруімен шыққан бағалы матадан тігілген киімдерді ұсынады. Тағы бір артықшылығы жаңа үлгідегі, әдемі және алуан түрлі үлгідегі киімдер қолжетімді бағамен ерекшеленеді.

Дизайнердің айтуынша: «Біз әрқашан баға айналымымен жұмыс жасаймыз және әр қыз келіншектерге біздің киімдер қолжетімді болу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз».

Индира Бекбаудың талғамындағы  киім үлгілері  көпқырлы.  Олардың бірі күнделікті киюге арналған casual стиліндегі киім болса, сонымен қатар офистік, спорттық стиль элементтерімен және де көпшілік арасында киюге арналған әсем көйлектерімен ерекшеленеді.

Индира Бекбауға қойған алғашқы сұрағымыз : «Барлығы неден басталды?»

«Мені үнемі киім үлгілерін моделдеу және дизайндау қызықтыратын. Негізінде 7-8  жасымнан бұл менің сүйікті ісім болатын, енді бұл мен үшін күтпеген жағдайға айналып,  қазіргі таңда бұл менің ең басты жұмысым болды. Шындығында, мен Әл – Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің «халықаралық туризм менеджменті» мамандығын бітірсем де, дизайн саласына кәсіби тұрғыда ешқандай қатынасым жоқ . Мұсылман киім дизайнімен  жұмысты қолға алаған себебім клиенттерге сапалы өнімді, қолжетімді бағамен ұсына отырып, Қазақстандық  Халал – индустрияның дамуына өз үлесімді қосу еді. Бұл Аллаһтың жәрдемімен іске асты деп ойлаймын.  Енді осы жетістікпен тоқтамай, алармандарымызды  күннен күнге қуанта беруді жоспарлаудамыз.»

Сұхбатыңыз үшін алғысымызды айтамыз.  Жетістіктерге жете беріңіздер.  Сізге шығармашылық табыс, жаңа мақсат тілей отырып, жұмысыңыз жемісті болсын дейміз! 

Сұхбаттасқан Сатаева Айзат

muftyat.kz

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру