Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Түркия хиджаб киюге тыйым салатын заңның күшін жойды

12.10.2013 6647 0 пікір

Түркияда шамамен 90 жыл бойы қолданыста болған мемлекеттік мекемелерде хиджаб киюге тыйым салатын заңның күші жойылды, деп хабарлайды Reuters.

Дегенмен бұл қаулы әскер және сот органдарына тарамайды. Бұл қаулы Түркия үкіметінің ресми бюллетенінде жария етілді.

«Адамның өмір сүру салты мен киім таңдау еркіне қол сұғатын, қоғамдағы теңсіздіктің, әділетсіздіктің және кемсітушіліктің негізі болып келген ережелер біз үшін бүгінде тарихқа айналды»- деп жазды вице-премьер Бекир Боздаг өзінің Twitter парақшасында.

Қазіргі билік қарсыластары бұл қадамды елді десекуляризациялау мен исламдандырудағы тағы бір асу деп бағалап отыр. Ал, Ердоғанның жақтастары керісінше, бұның елдегі зайырлы тап өкілдері мен діни адамдардың арасындағы теңдікті сақтауға септігін тигізетініне сенімді. Өйткені, бұл қаулы нәзік жандарға мекемелерде хиджаб киюді міндеттемейді, тек шариғат шәлісін кигісі келетіндердің құқығын алып береді дейді.

Хиджаб киюге тыйым 1925 ж. мемлекеттік мекемелерде кез келген діни символикаларға тыйым салу «пакеті» бойынша салынған болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру