Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Кәһф сүресіндегі математикалық дәлдік

Қуат ҚАБДОЛДА 30.12.2018 4399 0 пікір

Алла сөзінің қасиеті әр ғасырда, әр уақытта ашыла берері ақиқат. Таяуда ғалымдар Құранды ғылыми жағынан зерттей келе мына бір таңғажайып дүниені шығарды. Құранның дәл ортасында келетін "Кәһф" сүресінде зұлым патшадан қашып, бір Аллаға деген сенімдерін қорғап, үңгірде Алланың әмірімен үш жүз жыл және тоғыз ай ұйқыға кетіп, пана тапқан Алланың ақиқи құлдары жөнінде баяндалады.
Сол сүренің 12-аятында "ләбису" (болу, қалу, кідіріп қалу) сөзінен бастап әр сөзді санаса, 25-аятта "сәләсә миә" (үш жүз) деген сөзге келгенде, тура 300 сөз болады. Ал, 26-аятта "ләбису" (болу, қалу, кідіріп қалу) сөзіне келгенде үңгір оқиғасы аяқталып, тура 309 сөз болады. Яғни, олар ұйқыға кеткен 300 жыл және тоғыз айдың есебі шығады. Сонымен бірге бұдан бұрын ғалымдар математикалық есеппен тура 300 жыл шығу үшін 9 айдың да қажет екенін анықтаған. 300 жыл - шамсия күнтізбесіне, 309 жыл - қамария күнтізбесіне сәйкес келетіндіген көз жеткізген.
Аяттардағы осыншама математикалық дәлдік Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға ﷺ түскен Құранда болуы Алланың құдіретін одан ары паш ете түспек. 

Осындайда, Алла сөзінің күн сайын дәлелденіп жатқан кереметтеріне қайран қалып, Жаратқанға шүкір еткеннен басқа шарамыз жоқ.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру