Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Кенжетай қажы ДҮЙСЕНБАЙ: АДАЛ ТАБЫС ТАБУДЫҢ ИСЛАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ

19.04.2016 6629 0 пікір

Мұсылман әлемі – шексіз әлем десек, ал Ислам діні – ғаламға тамырын терең жайған көшбасшы діндердің бірі.

Тарихқа үңілсек, Ислам халықты адал еңбек етуге, адал өмір сүруге, теңдікке, бейбітшілікке, әділдікке үндеп, шақыратындығына куәгер боламыз. Ол теріс, бұрыс, зиянды атаулының бәріне қарсы болған.

Әсіресе, ерте замандардың өзінде адамдар арасында әділдік пен теңдік мәселелерін тастай етіп, бекітіп берген. Өйткені, асыл дініміз әруақытта мұсылмандардың адал еңбек етуін талап етіп, оны насихаттайды. «Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ» деп білген халқымыз қашан да маңдай терімен тапқанына   разылық танытқан. Біреудің ала жібін аттамаған.

Жер бетіндегі нығметтердің барлығын адам баласының қызығына арнаған Құдіреті күшті, Жаратқан Иеміздің жерге көктен тұсірген Құран Кәрімінде:

وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ وَحَمَلْنَاهُمْ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَرَزَقْنَاهُم مِّنَ الطَّيِّبَاتِ وَفَضَّلْنَاهُمْ عَلَىٰ كَثِيرٍ مِّمَّنْ خَلَقْنَا تَفْضِيلًا 

«Біз адамның ұлдарын құрметті орынға қойдық, оларды құрғақта және теңізде өмір сүретін еттік, оларды жақсылыққа кенелттік және оларды Өзіміз жаратқан барлық тіршілік иелерінен жоғары қойдық» [«Исра» сүресі, 70-аят], деп айтылған. Ал енді қасиетті кітапты оқыған адам баласы бұл дүниенің нығметтерін пайдаланудың жалғыз жолы дұға жасауы мен еңбек етуі екендігін аңғарады. Яғни, көктемде егіске шығып егін еккен адам ғана оның ырыздығын көре алады. Жалпы, шариғат бойынша, адал еңбек етудің өзі дұғаның бір түрі екенін ұмытпайық. Алла Тағала еңбек етудің маңыздылығын Құран Кәрімде бізге  былайша білдірген:

 وَأَن لَّيْسَ لِلْإِنسَانِ إِلَّا مَا سَعَىٰ وَأَنَّ سَعْيَهُ سَوْفَ يُرَىٰ  ثُمَّ يُجْزَاهُ الْجَزَاءَ الْأَوْفَىٰ وَأَنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ الْمُنتَهَىٰ

«Адамзат тек еңбегіне қарай табысқа жетеді. Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді. Соңыра оғанеткен  еңбегінің бодауы толық беріледі. Күдіксіз соңғы баратын жерің Раббың» [«Нәжм» сүресі, 39-42 аят].

Сондай-ақ, «Халал еңбек ету – әр мұсылманға парыз», «Халал табыс табу үшін шыққан адам жиһадта жүрген кісі тәрізді», - деген ұлық Пайғамбарымыз ()  мұсылман қауым үшін адал еңбектің қаншалықты маңызды екендігін да саралап тұрып айтып кеткен.

Ғұмырының соңына дейін әділдікті, адалдықты насихаттап, адамзат баласына өшпес үлгі көрсеткен  Алланың Елшісінен ()  тәлім-тәрбие алған сенімді серіктерінің өмірі де тұнып тұрған әділдік пен адалдық болғаны баршамызға аян. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінгі күні қоғамда мемлекеттің, қоғамның мүлкіне қол сұғып, кісінің ақысын жеу, ұрлық, алдап-арбаумен кәсіп жасау сияқты мәселелер күн тәртібінен түспейді. Асыл дініміз құптамайтын мұндай харам іс-әрекет әруақытта қоғамның тұрақсыздығына, іштен бүлінуіне алып барар үлкен жолдың алғашқы баспалдағы екенін біреу түсінсе, біреу түсінбес. Себебі ол мемлекеттің болашағына қауіп төндіреді. Осы орайда Пайғамбарымыздың () сахабасы Омардың (р.а.) халифа болып тұрған кезiндегi мына бiр ғибраты ерiксiз еске түседi. “Омар (р.а.) халифа бiр күнi түнде мемлекет  iсімен  шұғылданып жатады. Сол кезде оның алдына жеке басының шаруасымен бiр кiсi кiрiп, келген мақсатын айта бастайды. Сол кезде Омар (р.а.)  халифа шапшаң орнынан тұрып, сол жерде жанып тұрған май шамды сөндiрiп, басқа май шам жағады. Бұдан ештеңе түсiнбей қалған қонақ таңғалып Омардан: “Екеуi де май шам. Қараптан-қарап бiреуiн сөндiрiп, екiншiсiн жаққаныңыз не?” – деп сұрайды. Сол кезде оған Пайғамбарымыздың ()  сахабасы: “Сөндiрген май шам мемлекеттiкi. Сенiмен жеке шаруа жайында әңгiмелесу үшiн мемлекеттiң майын қолдануға хақым жоқ. Сондықтан оны сөндiрдiм де, өз ақшама алған май шамды жақтым”, – деп жауап берiптi». Сондықтан, әрбір мұсылман өзіне сеніп тапсырылған дүниелерге әйгілі халифа Омар (р.а.) сияқты үлкен жауапкершілікпен қарауға міндетті.

Алла Тағала қасиетті Құран кәрімде адамгершілікке, сүйіспеншілікке, көркем мінез рухани жан тазалығы  адал еңбек етумен жақсы өмір сүруге шақырады емес пе? Құранда адамның жаратылыс мақсаттары, соның ішінде еңбек етудің міндеттілігі, осы дүниедегі несібесі жайлы дәлелдер көп: «Алланың саған берген дәулетімен ақирет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай - ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді», - делінген.

«Адал еңбек - аздырмас
асыл арна»


«Адал еңбек - аздырмас асыл арна» дегендей, халқымыздың данагөй бабаларымыз да еңбекпен тер төгіп тапқан мал-мүлкінің өз игіліне айналуы нәсіп екенін айтып кеткен еді. «Кім өз еңбегімен нанын тапса және  табысы адал болса, ол адамға жәннат уәжіп», - деген  Алла Елшісі (ﷺ).

Қазақ халқының бағына туған  ұлы классик ақыны, ағартушы Абай атамыз да отыз жетінші қара сөзінде: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың», - деген еді. Бұл асыл сөз Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) хадисімен  үндесіп тұрған жоқ па? Абайдың айтуынша, әуелі Құдайға сыйынып, сонан соң өз қайратына сүйеніп еңбек еткен жан ғана нағыз адам болып саналады. Оның «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», - деуі де сондықтан. Ислам діні де еңбектің адам өмірінде алар орны ерекше  екенін айғақтайды. Оны қасиетті Құран Кәрімнің көптеген аяттарынан айқын аңғаруға болады.  сахабасы: “Сөндiрген май шам мемлекеттiкi. Сенiмен жеке шаруа жайында әңгiмелесу үшiн мемлекеттiң майын қолдануға хақым жоқ. Сондықтан оны сөндiрдiм де, өз ақшама алған май шамды жақтым”, – деп жауап берiптi». Сондықтан, әрбір мұсылман өзіне сеніп тапсырылған дүниелерге әйгілі халифа Омар (р.а.) сияқты үлкен жауапкершілікпен қарауға міндетті.

Алла Тағала қасиетті Құран кәрімде адамгершілікке, сүйіспеншілікке, көркем мінез рухани жан тазалығы  адал еңбек етумен жақсы өмір сүруге шақырады емес пе? Құранда адамның жаратылыс мақсаттары, соның ішінде еңбек етудің міндеттілігі, осы дүниедегі несібесі жайлы дәлелдер көп: «Алланың саған берген дәулетімен ақирет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай - ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді», - делінген.

«Адал еңбек - аздырмас асыл арна» дегендей, халқымыздың данагөй бабаларымыз да еңбекпен тер төгіп тапқан мал-мүлкінің өз игіліне айналуы нәсіп екенін айтып кеткен еді. «Кім өз еңбегімен нанын тапса және  табысы адал болса, ол адамға жәннат уәжіп», - деген  Алла Елшісі (ﷺ).

Қазақ халқының бағына туған  ұлы классик ақыны, ағартушы Абай атамыз да отыз жетінші қара сөзінде: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың», - деген еді. Бұл асыл сөз Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) хадисімен  үндесіп тұрған жоқ па? Абайдың айтуынша, әуелі Құдайға сыйынып, сонан соң өз қайратына сүйеніп еңбек еткен жан ғана нағыз адам болып саналады. Оның «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», - деуі де сондықтан. Ислам діні де еңбектің адам өмірінде алар орны ерекше  екенін айғақтайды. Оны қасиетті Құран Кәрімнің көптеген аяттарынан айқын аңғаруға болады.

Адал жолмен мал тауып, отбасына, елге адал қызмет еткен халқымыз қашанда: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбегі бардың өнбегі бар», - деп отырушы еді. Отбасын адал жолмен асырау мақсатында тер төгіп еңбек еткен адамның мерейі асып, ырысы көбейетіндігі белгілі. Бұл жөнінде Пайғамбарымыздың да () мұсылмандарға адал еңбек етіп, харамнан мейлінше сақтану керектігін өсиет еткенін білеміз.  «Мүминун» сүресінде: «Әй, Пайғамбарлар, таза нәрселерден жеңдер және ізгі іс істеңдер», – десе, мұсылмандарға: «Әй, мүміндер, сендерге ризық ретінде бергенімнің тазасынан жеңдер», - деп бұйырған. Артынша әңгімесін жалғап, қасиетті сапарға шыққанмен үсті-басы ретсіз, шашы ұйпа-тұйпа, бірақ қолын жайып: «Уа, Раббым! Уа, Раббым!» деп дұға оқып отырған біреу туралы «Бұл кісінің ішкені харам, жегені харам, кигені харам. Сөйте тұра тілегім қабыл болса дейді. Мұндай адамның дұғасы қайдан қабыл болсын?!», – десе, тағы бір жолы: «Сондай бір заман болғанда адам баласы тапқанының адал-арам көңіл бөлмейтін болады», – деп мұңайған еді.

Әр мұсылман  кәсіппен шұғылданып, адал табыспен күн көруге жіті көңіл бөлуі тиіс екендігін ұмытпауымыз қажет. Ардақты Пайғамбарымыздың () адал еңбек жасап жүрген  мүміндерді  мақтап, адал несібе іздеуге үндеген көптеген хадистері бар. Алланың Елшісі () бір жолы Сағыд ибн Муғазды (р.а)  жолдан кездестіріп, екеуі қол алысып амандасқанда, сахабаның қолы тілімденіп кеткенін байқайды. Пайғамбарымыз () оның себебін сұрағанда, Сағыд ибн Муаз (р.а) отбасын асырау үшін еңбек етіп жүргенін, қолы содан тілімденгенін айтады. Сонда Пайғамбарымыз () оның жауабына сүйсініп: «Міне, Алла осындай қолдарды ұнатады», – деген еді. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір» деген осы болар.

Сондықтан, әр мұсылман адам жұмысының жеңіл не ауырлығына, табысының аз не көбіне емес, бірінші кезекте адалдығына мән беруі керек. Сонда ғана таза, адал еңбек Алла Тағала алдында мәртебелі болмақ.  

Тарихқа көз жүгіртсек, дініміздің бұл әмірін ең бірінші болып бұлжытпай орындаған пайғамбарлар болды. Хазреті Адам (ғ.с.) егінші болды. Нұх пайғамбар (ғ.с.) кеме жасауды үйретсе,  Ыдырыс пайғамбар (ғ.с.) тігінші, Мұса пайғамбар (ғ.с.) шопан, Дәуіт (ғ.с.)  пайғамбар темірден бұйым жасайтын ұста болған. Ал, Иса (ғ.с.) пайғамбар медицина ғылымының шоқтығы биік ұстазы болды. Дәуіт (ғ.с.) пайғамбар патша бола тұра, ұсталығымен күн көрсе, Зәкәрия (ғ.с.) ағаш шебері болды. Ал, ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед () саудамен айналысып, адал еңбекпен отбасын асыраған. Пайғамбарымыздың ()  ардақты сахабасы  Әбу Бәкір Сыддық (р.а.)  саудагер, ауқатты кісі болған. Ендеше,  шариғатты  ұстанған жамағат пен мемлекет басшыларының адал кәсіппен, адал саудамен баюын теріске шығармайды, тек олардың өз байлығын жетім-жесірмен, кедей-кепшікпен бөліскенін қалайды. Алла  Елшісі ()  әрдайым Алла Тағаладан өзін жалқаулықтан, өзгеге қарыз болудан, күпірліктен, біреуге мұқтаж болатын кедейліктен, сараңдықтан сақтауын тілеген. «Адал кәсіппен айналысып, содан шаршап ұйықтаған адам күнәлары кешірілген халде түнейді», «Диқаншылық жасаңдар, өйткені ол берекелі іс. Диқаншылықты қорғайтын сақшыларды көбейтіңдер», «Қой бағыңдар, өйткені береке сонда», – деп хадистерінде адал кәсіпкерлікті, диқаншылық пен мал бағуды уағыздаған. 

Бір күні мешітке үсті-басы алба-жұлба, сақал-шашы әбден өсіп кеткен бір бәдәуи (шөл адамы) келген екен. Мұны сахабалар Пайғамбарымызға ()  жеткізеді. Алла  Елшісі () әлгі пақырды қасына шақырып алады да, мұндай жағдайға қалай тап болғанын сұрайды. Сонда әлгі адам өзінің жұмыссыз жүргенін, содан азып-тозып кеткенін айтады. Пайғамбарымыз ()   әлгі ғаріпке қарап: «Сіз қазір бір жіп пен балтаны алып келе аласыз ба?» – деп сұрайды. Әлгі кісі «Иә» деп жауап қайтарып, көп ұзамай бір жіп пен балтаны алып келеді. Сол кезде Алла  Елшісі () ғаріпке: «Енді бұларды алып бар да таудан отын шауып әкеліп, базарға сат», – дейді. Әлгі бәдәуи Пайғамбарымыздың ()  айтқанын  орындап, табыс табады. Сөйтіп, жалқаулықтан, кедейліктен құтылып, Пайғамбарымыздың ()  сахабаларының қатарына қосылады. Расында да, адамды аздыратын, жұмыссыздыққа апаратын жол – жалқаулық. Ал, жалқаулық адамды ар-намыстан бездіреді. Олай болса, кедейлік қасіретінен құтылуымыз үшін бізге қажетті нәрсе Алладан адал кәсіп тілеп, соған сай әрекет ету. Бұл орайда атақты Лұқпан хәкім өз баласына мынандай өсиет қалдырған екен:

«Ұлым, адал кәсіп етіп жоқшылықтан өзіңді сақта. Жоқшылық көрген адам мынандай үш қайғыға тап болады. Біріншіден, дінін әлсіретеді, яғни, сеніміне кір келтіреді. Өйткені, кедейлік адамды жаман ниетке жетелейді. Екіншіден, ақылын азайтады. Өйткені, мұқтаждық адамның еңсесін түсіріп, есін шығарады. Үшіншіден, адамгершілігі әлсірейді. Адамдарға жек көрінішті болады», – деген екен. 

Хазіреті Омар (р.а) еңбек етудің маңыздылығын, құр қол қусырып отырмау қажеттілігін айтып кеткен. Сондықтан, әр мұсылман баласының басты міндеті адал кәсіп етіп, отбасында еңбек етіп, адал өмір сүруге тәрбиелеу.  Мәзһабымыздың ең үлкен ғалымы Әбу Ханифа да білім ізденумен қатар, сауда-саттықпен де айналысқан. Сондықтан ол әрдайым құқықтық және өмірлік мәселелердің қайнаған ортасында жүріп, біліміне сай әрекет жасаған.

Алла Тағала баршамызды адал кәсіп тауып, адал ризыққа бөленуді нәсіп еткей! Әмин!

Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы
ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілі, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру