Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АҚШАСЫН ДАЛАҒА ТАСТАМАЙТЫНДАР БАЛАСЫН ҚАЛАЙ ТАСТАЙДЫ?

09.11.2015 4831 0 пікір

Жетімдер үйі  жоқ ел

Өткінші-өмір, зулаған-уақыт,
Ұл балаң – алтын, қыз балаң – жақұт.
Миллион бақыт – балаңды сүю,
Басқаны сүю бір ғана бақыт – деп Жеңіс Байдәулетов айтқандай, бала адам өмірінің жалғасы. Әке баласына иманнан артық мұра қалдыра алмайды. Дүниеден өткен соң артыңнан күнәңнің кешірілуін тілеп, дұға оқитын ұрпағың қалғаны бұл сіздің дүниедегі жалғасын табатын сауапты амалыңыз болып табылады.

Кезінде қытай ғалымдары «...бірде бір қарттар үйі мен жетімдер үйі жоқ ел – қазақ елі»,деп таңқалған қазақ даласында бүгінгі таңда аталмыш орындар неге қаптап кетті?

«Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған» елдің бүгін неге жүрегі тасқа айналып, тастанды бала көрсе, жүрегі бүлк етпейтін болған? Алласын аузынан тастамаған, иманы кәміл болған бабаларымыз ұрпағы осылай азғындар деп ойлаған ба екен? «Бабаларымыз осындай болған, мәрт болған, жомарт болған», - деп мақтанудан алдына жан салмайтын бүгінгі буын ертеңгі ұрпаққа не қалдырар екен? Осы орайда:

«Бабаң батыр болғаннан пайда барма,
Балаң тартып тумаса бабасына», - деген өлең жолдары ойға оралады.

Жетім деген кім?

Әке-шешесі бас тартып, мемлекетке өткізген сәби ме? Әлде, тағдыр ата-анасынан ерте айырған бүлдіршін бе?

Әке-шешесі бас тартқан сәбилерді - тастанды балалар дейді де, ал ата-анасы өмірден озған балаларды - жетім дейміз.

Әкесі өлген бала жетім деп саналады да, анасы өлген баланы неге жетім деп атайды?

Ер адам қашан да үйдің тірегі, қамқоры, асыраушысы болып саналады. Сондықтан да шаңырақтың егесі, әкесі өмірден озған сәби - жетім деп аталады.

Алайда, бүгінгі таңда жетімдерден гөрі «тірі жетімдер» (тастандылар) саны артып тұр.

Балалар үйіне сәбилерін өткізушілердің басым бөлігі асырай алмауын, әкесінің қарамай кеткенін, қыз балалар алданып қалғанын айтып жатса, кейде, «куйеуім қыз туа бердің дейді», - деп, қызын өткізіп жатқан жағдайларды да кездестіреміз. Алла сақтасын, не деген астамшылық.  Ер адам мұндай қадамға бармас бұрын, барлық нәрсенің Алланың ғана қалауымен болатынын, қандай да жынысты баланың туылуы ерге де, әйелге де байланысты емес екендігін білуі керек.

Құран Кәрімде Алла Тағала:

«Аспандардың және жердің биігі – Алла Тағалада. Ол қалаған нәрсесін жаратады. Кімге қаласа қыздарды сыйлайды, әрі кімге қаласа ұлдарды сыйлайды». («Шура» сүресі, 49-аят). 

Ал, асырай алмауды сылтау ету, ол мүлде миға қонымсыз нәрсе. «Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық өседі»деген дана халқымыз ризық, несібе Алладан келетінін білгендіктен айтса керек.

Ал қыз баланың алданып қалып жасанды түсік жасатуы немесе жетімдер үйіне өткізуі ол иманның аздығынан. Ұлдан кеткен иман мен қызда кеткен ибаның салдары. Тағы да сол ата дәстүрге жүгінеміз. Қыз бойжетті дегенше, абыройымен тұрмысқа беріп, құтты орнына қондыруға асыққан ата-ана осындай келеңсіздіктердің алдын алуды ойлаған. Ал қазір, ойыңа келгенді жасап отызға келгенде тұрмыс құрсаң да әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ.

Жетімге жеті бидай да тамақ

Негізінде, жесір мен жетімге, жарлыға жәрдем беру – үлкен сауап. Әбу Һурайрадан (р.а.)  Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жесір және жарлыға (қамқорлық көрсетуге) ұмтылушы (адам) – Алла жолында күресуші не түні бойы намаз оқып, күндіз ораза тұтушы сияқты», – деген. (Сахих әл-Бұхари)

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және ата-анаға, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар…» («Ниса» сүресі, 36-аят.) 

Тағы бір аятта:

«Мұсылмандарға қанатыңды жай» («Хижр» сүресі, 88-аят.)  

Иә, үйлену, ұрпақ көбейту Пайғамбардан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қалған сүннет. Ендеше сол сүннетке сай өмір сүрейік.

Келесі бір аятта Алла Тағала«Ендеше жетімді қорлама. Сұраушыны зекіме» («Дұха» сүресі, 9-10 аяттар.)

Жетімнің ақысын жеу атам заманнан асқан сұмпайылық деп саналған. Жетімге жасалған көмектің сауабын білген бабаларымыз олардың жанарын жәутеңдетіп, жоққа телміртпеу үшін қолынан келгенін аямаған болатын.

sadaka.kz

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру