Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Жасырын неке

27.07.2015 10306 0 пікір

Қазір қоғамымызда әсіресе жастар арасында кең етек жайып бара жатқан келеңсіз құбылыстардыі бірі - азаматтық неке. Адал некесіз бір-бірімен жұптасып уақытша өмір сүру қағидасы халқымызда болмаған жайт. Жаһандану дәуіріндегі жалаң үрдістерді жанына жақын тартатын жастарға бұл рәсім оңынан келіп тұрғандай. Қашанда өмірдің жеңіл-желпі жағын қалап тұратын жандар болатындығы белгілі нәрсе. Негізінде бұндай азаматтық неке ұрпақ саулығы мен ұлт болашағы үшін зардап әкелетін іс. Түбін «зинақорлық» әрекетіне апарып тірейді. Бұл жайтқа асыл дініміз не дейді? Өзіміз білеміз Құран Кәрімде  Алла Тағала зинаға қатаң тиым салды. Осы азаматтық некенің зина қатарына жататын-жатпайтындығын аят-хадиске қарап ойымыздағы күмәндарды сейілтеміз.

Неке қимай қазіргі таңда арамызда осы азаматтық некеде тұрып жатқан азаматтар баршылық. Олар осылай тұрып жатқанымызды адамдар біледі, неке қиып керегі жоқ деп ойлаулары да мүмкін. Негізінде адам баласы тек ақылына сүйенсе адасып кетеді. Сондықтан Алланың бекітіп берген ислам шариғатына назар аударуы керек.

بلغنا عن رسول الله صلى الله عليه وسلم أنه قال لا نكاح إلا بشهود

Имам Табарани риуаят еткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Куәгерлерсіз неке жоқ» деді. Осы хадисті Имам Ағзам мазһабының ғұламалары дәлел ретінде алып, куәгерлерді некенің шарты қылды. Осы хадистен түсінгеніміз осы некенің куәгерлері болмайынша неке неке болып есептелмейді. Ал көп адам бірге тұрып жатқан азаматтық некедегі адамдарды көріп некелеріне куә болмайынша ерлі-зайыпты деп айтпау керек. Имам Малик (р.а.) сияқты ғұламалар бұл хадисті куәгерлер шарт емес, шарты некені білдіру деп түсінген. Келген кісілерге балаларға болсын білдірсе неке қиылды деп есептеген. Егерде некеге екі кісіні қатыстырып оларға бұл неке жайлы ешкімге айтпандар деп жасырса некесі дұрыс емес деген. Осыған дәлел ретінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) имам Термизи риуаят қылған хадисін келтірген «Дауылпаз соғып болсын некені білдіріңдер». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) некелесіп жатқан ансарлардан болған кісіге таянып куәләрің қайда деп сұрайды. Сонда  дауылпазды алып келгенде, соғыңдар деп әмір қылды. Айша (р.а.) анамыздың сондай арнайы неке қиылғанда соғатын дауылпазы болған. Бұл істің арамы жасырын істеу, адалы жариялау адамдар арасындағы жаман ойды жою деген. Біздің дәлеліміз алдында келтірген хадиспен және Абдулла ибн Аббастан (р.а.) жеткен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисі «төрт түрлі адам қатыспаған әрбір неке зина. Имам хатиб, уали және екі куә».

وروى مالك عن أبي الزبير أن عمر أتي بنكاح لم يشهد عليه إلا رجل وامرأة قال: "هذا نكاح السر، ولا أجيزه، ولو كنت تقدمت فيه لرجمته

Имам Малик ибн Зубайрдан риуаят қылған хабарда Омарға (р.а.) бір ер кісімен әйел адам куә болған некенің мәселесі келеді. Сонда Омар (р.а.): «Бұл жасырын неке ғой, егерде жаман іске барған болса онда  тасборан жазасын қолданар едім» - деген.

 وقال عمر رضي الله عنه لا أوتى برجل تزوج امرأة بشهادة رجل واحد إلا رجمته 

Омар (р.а.): «Қандай бір адам некесін бір кісінің куәлігімен қиған болса оған зина жазасы – тасборанды қолданар едім» деген. Себебі, шариғатта некенің шарты жария болу, жариялық екі адам куә болумен орындалып, жасырын болып қалмайды. Егер бір адамға айтсаң ол сыр болып, үш адамға айтылса жария болады. 

لا نكاح الا بشهود اخرجه الطبراني

Имам Табарани риуаят қылған хадисте: «Неке тек куәләрмен» делінген. Демек, адамзат өмірі үшін маңызды болып саналатын ақ неке екі жақтың келісімімен, өз ықтиярымен, нақты куәлардың қатысуымен жүзеге асады. Көпшілікке жария етуімен екі жастың шынайы отбасы болып ақ отау құрып жатқандығын білдіру өмірдің өзегі деп түсінгеніміз абзал. Қазақ халқы осыны негізге ала отырып, ақ босаға аттап келген келінге қайын жұртын беташар арқылы таныстырған. Сонымен қатар, беташар халыққа жар салып жария түрде айтылатын болған.        

روى ابن عباس رضى الله عنه عن النبي صلى الله عليه و السلام انه قال الزانية التي تنكح نفسها بغير بينة      

Сондықтан, куәсіз неке қидырудан сақтану үшін төмендегі хадисті ұмытпаған абзал. Абдулла ибн Аббастан (р.а.) жеткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Егер некесін екі куәсіз қидырса әйел адам зинада болады» деген.

عن عبد الله بن الزبير أن النبي صلى الله عليه وسلم قال: "أعلنوا النكاح  رواه أحمد

Абдулла ибн Зубайрдан (р.а.) жеткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Некелеріңді жарияландар» деп, әмір қылды.

 

، عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا ، قَالَتْ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : " أَعْلِنُوا النِّكَاحَ ، وَاجْعَلُوهُ فِي الْمَسَاجِدِ ، وَاضْرِبُوا عَلَيْهِ بِالدُّفُوفِ ، وَلْيُولِمْ أَحَدُكُمْ وَلَوْ بِشَاةٍ رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ فِي الْجَامِعِ 

Айша (р.а.) анамыздан жеткен имам Тармизи Жәмиғ кітәбінде риуаят қылған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Некелерінді жариялап мешіттерде өткізіп, дауылпаз соғып біреулерің қой сойып болсын тойлаңдар» делінеді.

Бүгінгі замана тұрғысында зерделеп қарайтын болсақ мешітке келіп неке қидыратын жас жұбайлардан мемлекеттік АХАЖ бөліміне заңды тіркелу талабы қойылады. Сонда қоғам алдындағы жауапкершілік пен шариғат тұрғысындағы талаптар қатар іске асқанда, отбасы аманатына деген ер мен әйелдің өзара міндеттері баянды болмақ. Болмаса, зинаға жақын лас істерден болып саналатын «азаматтық неке» секілді ойдан шығарылған шатақ некелер жақсылыққа апармайды. Сондықтан орнықты отбасының іргесін қалайтын шынайы отбасы болуға талпынып, жанұя шаттығын сақтайық!

Қанат Анасұлы,

Қарағанды қаласы,

Теміртау қалалық мешітінің бас имамы

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру