Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Каффаратты қажет ететін 5 жағдай

muftyat.kz 16.04.2020 6253 0 пікір
Каффаратты қажет ететін 5 жағдай

Оразаны не бұзады?

  1. Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
  2. Темекі шегу, дәрі ішу;
  3. Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту. Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».
  4. Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейінгі аралықта, аузы берік кезінде жақындасу оразаны бұзады);
  5. Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады.

Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.

Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай қатарынан күн салмай ораза ұстау, оған шамасы келмесе, алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады.

«30 күнге 30 уағыз» дәрістер жинағынан

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру