Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАЖЫЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.07.2022 3273 0 пікір
МИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАЖЫЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері қажыларға қызмет көрсететін компанияларды зиярат етіп, қажылардың жай-күйімен танысты.

Mиссия төрағасы Ершат қажы Оңғар бастаған жұмыс тобы Мекке қаласына алғаш болып жеткен «Al-Marwa» қажылық компаниясы орналасқан қонақ үйге келіп, қажылармен жүздесті. Ас мәзірі, азық-түліктің сапасы, қонақ үйдің тазалығы, қажыларға қызмет көрсететін гид саны және күнделікті айтылатын уағыз-насихат барысы тексерілді.

Миссия мүшелері қажылармен кездесу барысында олардан анкеталық сауалнама алып, миссия жұмысын түсіндірді. Сондай-ақ қажыларға қызмет көрсететін фирмалардың қызмет сапасын жетілдіру бағыттары түсіндірілді.

ҚМДБ «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбаев қажылық парызы жайлы тағылымды уағыз-насихат айтса, Шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Медет Құрсақов қажыларды толғандырған сауалдарға жауап берді. 

«Al-Marwa» қажылық компаниясы арқылы Меккеге келген қажылармен жүздесу барысында дәрігерлер тобының жетекшісі Әбдіжаппар Еркінұлы ыстықтан қорғану, денсаулық күтімі жайлы түсіндірді. Қазақстан қажылық миссиясының қажылық компаниядарын тексеру жұмыстары жалғасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру