Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Жеті рухани қазық»: Білімділік

muftyat.kz 02.04.2020 3512 0 пікір
«Жеті рухани қазық»: Білімділік

Білім алу – исламдағы басты парыз. Құран Кәрімнің алғашқы түскен аяты «Оқы!» деген сөзден басталады. Білім алу, сауат ашу – Ислам дінінің ең басты талабы. Құран Кәрімнің көптеген аятында білім жайлы айтылған. Қасиетті Құранда: 

«Алла Тағала араларыңдағы иман келтіргендер мен білім иелерінің дәрежелерін көтереді» («Мүжәдәлә» сүресі, 11-аят) деп білімді болудың артықшылығын білдірген. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім алуәрбір мұсылманға (ер мен әйелге) парыз», – деген. Мемлекетті құраушы күш оның азаматтары десек, әр адам бәсекеге қабілетті болу үшін үздіксіз дамып, өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Озық ақпараттық технологиялар билік құрған заманда бәсекеге қабілетті жекелеген мемлекеттер ғана алпауыттарға жұтылмайды. 

Ислам Құран мен сүннетке негізделген діни ғылымдармен қатар зайырлы білім алуға да үндейді. Мұсылмандар мемлекеттің білім беру саласындағы заң талаптарын орындауды өздерінің басты міндеттерінің бірі деп біледі және балаларының орта білім алып, жан-жақты дамып-жетілуіне, жоғары оқу орындарында таңдаған мамандықтарына сәйкес жалғастыруға кедергі келтірмейді. 

Абай атамыз «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп білім алуға үндеген. Білімділік мына белгілермен айқындалады:

  • Ізденімпаз
  • Ыждағатты
  • Зерделі
  • Жасампаз
  • Дарынды
  • Зияткер
  • Кәсіби

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру