Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Игілік режимін» қалай іске қосуға болады?

muftyat.kz 14.02.2018 5796 0 пікір

 Игілік режимін іске қос! Өз оқырмандарына дәл осындай үндеумен Al Saqr Finance компаниясы ой тастайды.

Өткен жылдың аяғында Қазақстанда тұңғыш исламдық картаны шығарып, танымал болған Al Saqr Finance компаниясы «Игі істер картасы» атты бірегей жаңа жобасын бастады. Бұл картаның мәні, ерекшеліктері, қайырымдылыққа деген жаңа көзқарастар туралы ойларымен Al Saqr Finance компаниясы Басқармасының төрағасы Данияр Успанов бөлісті.   

- Алғашқы исламдық төлем карталары туралы жаңалықтың қазақстандық нарықты шулатқанына көп бола қойған жоқ. Бұл карталарды шығарудың ерекшеліктері туралы не айтар едіңіз?

- Al Saqr Finance компаниясы Басқармасының төрағасы Данияр Успанов: өзінің стратегиялық мақсаттарына сәйкес, Al Saqr Finance компаниясы өткен жылдың аяғында алғашқы исламдық төлем карталарын шығару арқылы бөлшек саудадағы қаржы өнімдері нарығына аяқ басты. Бұл картаның негізгі ерекшеліктерінің бірі – Шариғаттың қағидаттары мен нормаларына толық сәйкестігі.

Бұл біздің бөлшек нарықтағы пилоттық жобамыз болып табылады, картаны таңдауымыздың өзі кездейсоқ емес, өйткені халыққа ұсынылатын қаржы қызметтерінің ішінде ең көп таралғаны – карточкалық сервис.

Бүгінгі таңда www.goislamic.kz сайты арқылы карта шығаруға 4 000 астам өтініш берілген, бұл өнімнің нарықтағы сұранысының жоғары екенін көрсетеді. Өтініштер толассыз түсіп жатыр, клиенттерге карта жеткізу жоспарлы түрде жүреді. Орташа есеппен тапсырыс қабылдағаннан бастап картаны жеткізгенге дейінгі уақыт 3 күнді құрайды. Айта кетерлік жайт, картаны шығару, қызмет көрсету, сондай-ақ жеткізу ақысыз негізде жүзеге асырылады.

- Халықтың қашанда жаңа нәрселерді жатырқай қабылдайтыны белгілі. Клиенттермен кері байланыс арқылы не анықталды? Қандай пікірлер туындауда?

- Исламдық қаржыландыру өнімдерін насихаттау және кері байланыс орнату мақсатында әлеуметтік желілерде Компанияның ресми парақшаларын аштық. Әр аптада тек өзіміздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз ғана емес, сонымен қатар исламдық қаржы саласындағы қызықты деректер туралы бірнеше пост жариялаймыз. Барлық келіп-түскен пікірлермен мұқият танысып, сұрақтарға жауап береміз, қажеттілік туындаса, тіпті қоңырау шалып, хабарласып жатамыз. Сонымен қатар www.goislamic.kz сайтында клиенттермен хат-хабар алмасуға және on-line кеңес беруге арналған чат аштық. Осы чаттағы диалогтарға талдау жасағанда байқағанымыз, пікірлердің 75%  – жағымды, 25% – бейтарап, ал жағымсыз пікірлер мүлдем түскен жоқ деуге болады.

- Өз өнімдеріңізді жетілдіруге ұмтыласыз ба? Қандай жаңа опцияларды енгізуді ұйғардыңыз?

- Әрине, біздің тобымыз өз өнімдерін жетілдіру жұмыстарымен жүйелі айналысады. Картаның фирмалық артықшылықтарына ғана сеніп, осымен тоқтап қалу ойымызда жоқ. Қазіргі таңда қуана-қуана жаңа опцияны ұсынамыз – бұл алынған кэшбэк мөлшерін қайырымдылыққа бағыттау мүмкіндігі. Енді біздің картамыз Игі істер картасына айналды.

- Игі істер картасының ерекшеліктері неде? Біздің қоғам үшін қайырымдылық жасау мәселесі тосын тақырып емес екені белгілі.

- Біз әр адамның жүрегінде жақсылықтар кеніші жатқанына сенеміз және көмекке зәру адамдарға қол ұшын беруге дайын адамдар саны әлдеқайда көп екеніне көпшіліктің көзін жеткізбекшіміз. Алайда, көптеген адамдардың күнделікті күйбең тіршілік ағымынан шыға алмай, жақсылық жасауға ниеті болғанымен, уақыты болмай жатқанын көріп жатырмыз.

Бүгінде Қазақстанда қайырымдылықпен айналысатын ұйымдардың көбейіп кеткені белгілі. Алайда, өкінішке қарай, олардың кейбірлерінің аңқау, ақкөңіл адамдарға алаяқтық торларын құрып жатқандығы туралы жаңалықтардан хабардармыз. Мүмкін, адамдардың мұқтаж адамдарға көмектесуге енжарлық танытуының бір ұшы осындай оқиғалардан аузы күйіп қалғандықтан болар.

Осының бәрін ескере отырып, біз жақсылық жасау желісін мейлінше жеңілдете отырып, қайырымдылыққа қатысты инновациялық тәсілдемені жасақтадық.

Өзіміздің қаржылық зертханамызда біз исламдық картаны «игілік режиміне» қосу арқылы «Игі істер картасына» айналдырдық. Енді www.goislamic.kz сайтынан исламдық картаға тапсырыс бергенде, қолыңызға «Игі істер картасын» аласыз. Картамен тауар немесе қызмет үшін ақы төлеген кезде, Сіз ай сайын жинақталатын кэшбэк мөлшерін «игілік режимін» белсендіргеннен кейін автоматты түрде қайырымдылық мақсаттарына жұмсай аласыз.

Айта кетерім, «игілік режимін» қосу-қоспау клиенттің еркінде. Сонымен бірге картаның тегін жеткізу, банкоматтан комиссиясыз шешіп алу, тегін қызмет алу, мультивалюталық және басқа да осы сияқты артықшылықтары сол күйінде сақталып қалады.

- Қайырымдылық көмек беруді кез-келген адамның қалтасы көтере бермейді. Көбінесе мұндай іс қомақты қаражатты талап ететіні белгілі. Бұл жағдайда не ұсынарыңыз бар?

- Өте жақсы сұрақ. Біздің жобаның инновациялық сипатында осы жайт ескерілген. Клиент қайырымдылыққа өз қаражатын жұмсамайды, өзіне Банк сыйлаған бонустарды пайдаланады. 

Ай сайын Al Saqr Finance картасы бойынша клиенттердің шотына әр қолма-қолсыз транзакциядан 1,5% көлемінде Банк бонустары түрінде кішігірім кэшбек жиналады. Шын мәнінде, бұл бонустар Банктің жасалған саудалары үшін клиенттеріне сыйлығы болып табылады. Біз өз клиенттерімізге осы жинақталған бонустарын жақсылыққа жұмсауды ұсынамыз. Мысалы, клиент Al Saqr Finance картасымен айына 100 000 теңгеге сауда жасайтын болса, ай соңында оның есебіне 1 500 теңге бонус жазылады. Егер «игілік режиміне» қосылатын болса, осы 1 500 теңгені карта иесінің атынан қайырымды істерге жолдап отыратын боламыз.

Біздің пайымдауымызша, бір адамның орташа кэшбэк сомасы онша қомақты емес, алайда өнімнің жалы және жаппай сипатына сенетін болсақ, осындай мардымсыз кэшбэк сомаларынан үлкен ақша жинақталып, оны игі істерге бағыттауға мүмкіндік бар.  

Біздің компания ашық және транспаренттілік қағидаттарын ұстанады. Бұл нені білдіреді: «Игі істер картасы» жобасы аясында жүзеге асырған барлық жұмыстарымызды сайтта, әлеуметтік желілерде, телеарналар және басқа да бұқаралық ақпарат көздері арқылы кеңінен насихаттап, көрсетіп отыратын боламыз. Біздің клиенттеріміз қаражаттың қайда жұмсалғанынан, кімге көмек берілгенінен хабардар болады, осылайша жобаның жүзеге асырылуына тікелей қатысу және көзбен көру арқылы игі істер картасының қалай үлкейіп бара жатқанына куә болып, өз үлесінің маңыздылығын сезініп, шексіз алғысқа бөленетін болады.

Біздің www.alsaqr.kz корпоративтік сайтымызда «Игі істер картасы» жобасына арналған бөлек бөлім ашылып, ол жерде клиенттерімізбен бірлескен жұмысымыздың нәтижелерімен бөлісіп отыратын боламыз.

Осылайша Al Saqr Finance компаниясы көңілі ашық, көкірегі ояу, жаны ізгі адамдарға ешкімнің алдауына түспей, қаражат және уақыт шығынынсыз, ерікті меценат атануды ұсынады.

- «Игі істер картасы» жобасын жүзеге асырудағы әріптестеріңіз кімдер?

- Al Saqr Finance компаниясының «Игі істер картасы» жобасы аясындағы әріптесі – Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен құрылған  «Уакып» қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қоры.

«Уакып» қорының мақсаты азаматтарды қорғау, тұрмысы қиын және көпбалалы жанұяларға, мүгедек балаларға, жетімдерге, зейнеткерлерге және әлеуметтік қорғалмаған санаттағы басқа да адамдарға материалдық көмек беру сияқты әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету; дәстүрлі рухани-адами және діни құндылықтарды дамыту, қоғамда бейбітшілік, достық пен келісімді нығайту болып табылады. Толығырақ Қордың қызметімен www.waqyp.kz сайтынан таныса аласыз.

- Біздің оқырмандарымызға айтар тілегіңіз қандай?

- Al Saqr Finance компаниясы барша ақ ниетті жандарды «игілік режиміне» қосылып, игі істерді орынды әрі оңай жасауға шақырады. Игі істер картасына үйіңізден немесе кеңсеңізден, яғни отырған орныңыздан тұрмастан, дәл қазір www.goislamic.kz сайтына кіріп, әп сәтте тапсырыс беруге болады.

Біздің қызметіміздегі басты месседж – бұл әр клиентті соңымыздан ілестіре отырып, ізгілік жолына із салу, әр клиентке бірлескен қайырымдылық жобаларымыз туралы ең соңғы ақпаратты жеткізіп отыру, әр клиенттің тікелей қатысуымен атқарылған істің маңыздылығы үшін мақтанышты сезіндіру.  

Құрметті оқырмандар, «игілік режимін» растап, Al Saqr Finance картасына тапсырыс беріп, қайырымдылық жолындағы біздің ортақ жобамызды қолдаңыз – жақсылық жасау қиын емес!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру