Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қойшы бала

Әйгерім Есқожаева muftyat.kz 10.01.2018 7724 0 пікір

Мекке маңында елден жырақ үнемі мал бағатын бір жас бала бар еді. Аты Абдулла ибн Масғуд болатын. Бірде ол күндегі әдетінше қой жайып отырып анадай жерде өзіне қарай жақындап келе жатқан екі жолаушыны көреді. Жақындаған сайын олардың шаршағаны әрі қатты шөлдегендерін де байқайды. Екеуінің де тамағы кеуіп, еріндері жарылып кеткен екен.

Олар таяп келіп: “Әй, балақай, қаталап өліп барамыз, бізге сүт сауып берші, таңдайымызды жібітейік», – деп өтінеді.

Бұл – аманат мал, менікі емес, – деп жауап қатты Абдулла. Баланың берген жауабына риза болған екі кісінің бірі:

Онда маған қысыр да болса бір қойыңды алып келші? – деді.

Бала жақын тұрған арық бір қойды көрсетті. Әлгі кісі күбірлеп бір сөздерді айтты да қойдың желінін қолдарымен сипалай бастады. Сөйткенше болмай әлдеқашан суалып кеткен қойдың желіні тырсиып, сүт шыға бастайды. Ештеңеден хабарсыз бала бұған сенер-сенбесін білмей таңырқап: “Жаңағы айтқан сөздеріңізді маған да үйретіңізші?»,-дейді. Бейтаныс кісі күлімсіреп:

 – Сен ол сөздерді міндетті түрде үйренесің әрі өскенде ғалым боласың, – деп жауап береді.

Ол кісі ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) болатын. Досы Әбу Бәкірмен (ол кісіге Алла разы болсын) екеуі бір жаққа жолаушылап бара жатқан еді. Жас бала Абдуллаһ ибн Масғұд кейіннен Ислам дінін қабылдап, ержеткенде расында да, үлкен ғалым болды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру