Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Абдулла бин Хузайфа мен сексен серігі

Әйгерім Есқожаева www.muftyat.kz 14.12.2017 4301 0 пікір

 

Абдулла бин Хузайфа және оның сексенге жуық жолдасы Византиялықтарға тұтқынға түседі. Оларға император тарапынан діндеріңнен қайтыңдар деп қатты қысым жасалады. Әсіресе Абдулла бин Хузайфаны қатты қинайды. Бірақ ол өз дінінен қайтпайтынын айтып табан тіреп тұрып алады. Император:

- Діндеріңнен қайтпасаңдар қазанға қайнатып өлтіремін,- дейді. Мұсылмандар діндерінен қайтпайтындарын айтады.

Қазанға май құйып, астына от жағып, бір тұтқын мұсылманды әкеліп:

- Дініңнен қайт!-деп соңғы рет ескертеді. Сонда мұсылман оларға қарап күліп тұрып:

- Дәл қазір, шәһиттерге уәде етілген жұмақтағы зәулім үйлер көз алдымда тұр. Әттең, жаным көп болғанда, жұмақта көп зәулім үйлерге қауышар едім– дейді. Мұны естіген Византиялықтар ол мұсылманды қайнап тұрған қазанға тастайды.

Хазреті Абдуллаға да дәл солай:

- Дініңнен қайт!- деп соңғы рет ескерткенде, «жоқ» деп жауап қайырған Хазреті Абдулланың да қазанға тасталуы әмір етіледі. Қазанға тастауға алып бара жатқанда Хазреті Абдулла өксіп жылайды. Мұны көрген император оны алдына алып келуін бұйырады. Императордың алдына келген Хазреті Абдулла:

«Мені осындай халге түскенім үшін жылап тұр деп ойлама. Олай емес. Менің, Алла жолында құрбан ететін жалғыз ғана жаным бар. Шашымның санындай көп жаным болғанда, барлығын қуана-қуана Алла жолында құрбан етер едім...» - дейді.

Мұндай күшті иманнан әсерленген император, бір сылтау тауып Хазреті Абдулланы бостандыққа жібергісі келеді.

– Менің басымнан сүйсең, бостандыққа жіберемін.

– Жоқ!

– Дініңнен қайтып, менің қызыма үйленсең, мал-мүлкімнің жартысын саған беремін.

– Жоқ! Жоқ!

– Басымнан сүйсең, сені қасыңдағы сексен жолдасыңмен қосып бостандыққа жіберемін.

Хазреті Абдулла императордың бұл ұсынысына келісіп, импертордың басынан сүйеді де, сексен жолдасын алып Мәдинаға қайтады. Оларды Мәдинадағы сахабалар құшақ жая қарсы алады. Хазреті Омар Сахабаларға қарап: «Барлығың Абдулланың басынан сүйіңдер» – дейді.

Хазреті Омар өзі бастап артынан бүкіл мұсылмандар Хазреті Абдулланың басынан сүйеді....

Абдулла бин Хузайфа Хазреті Османның дәуірінде Мысырда қайтыс болады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру