Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Жүрекке қанша махаббат сыяды

Әйгерім Есқожаева www.muftyat.kz 21.11.2017 5115 0 пікір

 

Бірде ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хазіреті Әлиге (ол кісіге Алла разы болсын) мынандай сұрақ қойыпты:

Уа, Әли, Алланы жақсы көресің бе?

– Жақсы көрем, уа, расулалла.

– Пайғамбарын жақсы көресің бе?

– Жақсы көрем, уа, расулалла.

– Фатиманы жақсы көресің бе?

– Жақсы көрем.

– Ұлдарың Хасан мен Хүсейінді жақсы көресің бе?

– Оларды да жақсы көрем.

– Әй, Әли, сендегі жүрек біреу, ал жақсы көретіндерің төртеу болды. Бір жүрекке мұнша махаббатты қалай сыйғыздың?

 Хазіреті Әли қапелімде жауап айта алмай, үйіне қайтыпты. Күйеуінің ойлы кейіпте келгенін көрген сүйікті жары Фатима: – Отағасы, сәл тұнжырап тұрғандайсыз. Әлдене болмады ма? Егер дүниелік іске алаңдасаңыз, оны сізге жарастыра алмаймын, ал ақыретке қатысты іске алаңдасаңыз, айтыңыз, біз де білейік? – деп өтініпті.

Хазірет Али жарына Алла елшісімен арада болған әңгімені айтады. Бұны естігенде хазірет Фатиманың (ол кісіге Алла разы болсын) жүзі жадырап сала береді. Сөйтеді де былай дейді:

 – Қаласаңыз, бұл сұрақтың жауабын мен айтып берейін. Сіз барып әкеме білдірерсіз: Адамның қалай алды, арты, оң, солы, асты, үсті болғаны секілді жүректің де түрлі бағыттары бар. Осы себепті әлемдердің Раббы Алланы ақылмен әрі иманыммен жақсы көремін. Пайғамбарын иманым әрі жан-тәніммен жақсы көремін. Сүйікті қызыңыз Фатиманы күйеуі ретінде жақсы көремін. Ал ұлдарым Хасан мен Хүсейінді әкелік мейіріммен жақсы көремін.

 Бұл жауапты естігенде Әли қуанып, тезірек барып айтқанша асықты. Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны тыңдағаннан кейін күлімсіреп:

Уа, Әли, бұл әкелген жеміс өзіңнен емес. Сірә, пайғамбар ағашының бұтағынан алынған жеміс болса керек, – деп ол жауапты қызы үйреткенін біліп қойған екен.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру