Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алау ƏДІЛБАЕВ: МЕЙІРІМГЕ МҰҚТАЖДЫҚ (2 БӨЛІМ)

05.05.2016 5495 0 пікір
Мейірімге мұқтаждық (2 бөлім)

Пайғамбарымыздың (мөлдір кəусарынан сусындаған сахабалар да мейірім мен рақымдылықта оның ізімен жүріп жан-жағына мейірім шуағын таратқан-ды. Кезінде шімірікпестен адам қанын судай ағызған адамдардың ішінен «абайсызда құрт-құмырсқаны басып, өлтіріп алмайық» деп аяқтарына қоңырау тағып жүрген мейірімнің қаһармандары шықты.

Бір сахаба мына бір оқиғаны былайша баяндайды: «Хазірет Омармен бірге бір шіркеудің қасынан өтіп бара жатып, сақалы беліне дейін түскен, жалбарынып тұрған ақ шашты кəрі кісіні көрдік. Оны көрген халифа аяғының бу- ындары босап, иегі кемсеңдеп жылады. «Неге жылайсыз, ей, мұсылмандардың əміршісі?» деп сұрағанымызда, иман мен исламнан несібін ала алмай шіркеу жағалап жүрген əлгі қарт кісіге жаны ашып «Мына байғұс 70-80 жасқа келсе де адамзатты құтқарушы хазірет Мұхаммед басқаратын кемеге əлі міне алмапты» деген еді мұңайып. Бұл да исламның жалпы адамзатқа тəн мейірімділігін паш етеді.

Хазірет Омар (р.а.) бірде қайыр тілеп жүрген əлдебір кісінің қасына барып, неге тіленшіленіп жүргенін сұрайды. Бұл кісі ислам дінін ұстанбайтын. Кəрі кісі салық төлейтіндігін, сондықтан да кедейленгенін айтқан кезде əділдік жақтаушысы Омар оған қазынадан айлық тағайындатып:

– Бұларға жас кезінде жұмыс істетіп, қартайған шақтарында далаға тастай алмаймыз, – деп мейірімділік үлгісін көрсеткен болатын (Қандыһлəуй, Хаятус-сахаба, Бейрут, 1972, 2-т., 153-б.).

Абдулла ибн Хузафа хазірет Омардың халифалығы кезінде маңызды міндетпен византиялықтардың арасына тыңшы болып барады. Бірақ, дұшпандары оны байқап қойып, тұтқынға алады. Сол-ақ екен, оның көрген күні тамұққа айналады. Тіпті, пайғамбарымыздың өмірін баяндайтын кітаптар мен кейбір тарихи кітаптардағы мəліметке сүйенсек, бұл даңқты жаужүрек сахабаның басын қайнап тұрған ыстық суға батырып азаптаса да оған ешнəрсе қабылдата алмаған. Осы кезде бұл жағдайдың бəрін монастырдың бір саңылауынан бақылап тұрған монах Абдулла ибн Хузафатус-Сəхмидің ержүректілігіне таңғалады. Монах ақиық сахаба Абдуллаға былай дейді: «Балам, қайсарлығыңа таңғалдым. Саған үш минут уақыт беремін. Бір-екі минуттан кейін сені өлтірулері мүмкін. Егер бұл сəтті дұрыс пайдалансаң дүниеде əрі ақиретте бақытты боласың. Өйткені, бұл үш минутта саған христиандықты уағыздаймын, бұдан кейін өлсең де уайымдама. Өйткені, Иса мəсіхке қауышасың». Абдулла күлімсіреп: «Ей, монах хазірет! Осы кезге дейін мені бұл жердегілердің ешбірі тыңдамады. Бұл үш минуттық сəтті бергеніңіз үшін сізге мың да бір рақмет. Өйткені, бұл үш минуттың ішінде сізге хақ дінді үйретіп, шын құтылудың жолын көрсетіп кетіп өлсем арманым жоқ...» дейді.

Ұстазы адамзатқа рақым етіп жіберілген мұсылман үмбетіне де жарасарлық мейірім осы болса керек. Міне, бұл оқиға бізге исламның сын сағаттарда да басқалардың бақыты мен жақсылығын ойлауға шақыратынын көрсетеді. Сонымен қатар, исламның мейірім мен сүйіспеншілік аясының қаншалықты кең екендігіне ерекше назар аудару тұрғысынан аса маңызды.

Хазірет Əли Мысырға тағайындаған əкімі Мəлікке айтқан өсиетінде əділдікпен басқаруды айрықша ескертумен қатар «... Жүрегіңде халыққа деген мейірім отын жақ, сүйіспеншілік пен жақсылықты өзіңе нышан ет. Оларға қатыгез болма. Өйткені, олар мына екі топтан тұрады: бірі – діндес бауырың, екіншісі – жаратылыс тұрғысынан сенімен теңдес (мұсылман емес басқа да адамдар)...» деп, қол астындағы халыққа мейірімді болуға үгіттеген-ді.

Тарихта ислам жолында шынайы қызмет етіп, оның алып келген дəстүрлерін бойында көрсете білген қаншама мейірім қаһарманы бар. Олардың арасында «Менің ұстанған дəстүрім – мейірім. Сондықтан, күнəсіз жандарға зияным тимесін деп, өзіме зұлымдық жасағандарға да теріс бата берген емеспін. Тіпті, кейде зұлымдық жасаған дінсіз, пасықтарға ашулансам да оған қарсы қарғыс айтуға исламнан алған мейірімім жіберген емес. Өйткені, ол қатыгез залымның əкесіне, не шешесіне, болмаса бала-шағасына зияным тимесін деп оларға бəле тілемеймін» деген жандар да бар. Міне, бұл ислам əкелген зор мейірімнің бір ғана тамшысындай көрінісі.

Пайғамбарымыз (): «Мені мен сендердің жағдайларың от жаққан адамның жағдайына ұқсайды. От жаққан кезде пəруаналар отқа түсе бастайды. Ол кісі болса оларды қуып жақындатпауға тырысады. Мен де сендерді оттан құтқару үшін етектеріңнен ұстауға тырысамын. Ал сендер ғой, қолымнан сытылып шығып кете бересіңдер» деп, үмбетіне деген жанашырлығын көрсеткен еді (Бұһари, Риқақ, 26; Муслим, Фəдəиль, 17-19). Ешбір жан күнəға белшесінен батқан бейшаралық өмірде бақытты бола алмай- ды. Ар-ожданы əбден өшіп қалған адамдар болмаса, ешбірі бұндай өмірге ризашылық танытпайды. Табиғатында жақсылыққа бейім – адам баласына тек одан шығудың жолын ғана нұсқау керек. Ол да шынайы мейірім мен жанашырлықтың арқасында жүзеге асады.

Түсініктілеу болу үшін бұған мына бір мысалды бере кетейік. Алдыңызда алаулап жанып жатқан бір от бар делік. Оның ішінде сіздің еш қаламаған, ұнатпаған адамыңыз бала-шағасымен өртеніп жатса немесе теңіздің ортасында бір кеме батып, судың бетінде сіздің еш танымайтын адамдарыңыз қол созып құтқарушыны күтіп жатса, əрине, сіз сол бейтаныс жандарды құтқару үшін бар жаныңызды саласыз. Басыңызды қатерге тігесіз. Сол кез- де сізді тоқтатуға тырысқандар болса да олардың сөзіне құлақ аспайсыз. Өйткені, ол кезде ар-ожданның дауысы одан да басым түседі. Алайда, сол сəттегі олардың өмірін құтқару – фəни, қысқа өмірін құтқару. Ал мəңгілік өмірін құтқару одан да ауыр жанкештілікті талап етеді. Иə, сондай жағдайға душар болған адамдарға ашулану былай тұрсын, оларға, тіпті, ренжімеудің өзі таза ар-ождан иелері үшін – парыз.

Ғұмырын ислам нұрымен шырақтандырған мұсылмандар əуелі мейірім сезі- міне ие бола білулері керек. Адам дарға күшпен, зорлық-зомбылықпен ақи қатты сүйдіру мүмкін емес. Тек мейірімділіктің үлгісін көрсету арқылы ғана Алла мен Оның елшісі əкелген адами құн дылықтарды таратуға болады. Өзгелер дінді уағыздаушының бойынан жан жылуын, мейірімділікті көре алмаса, ақиқат қаншалықты құнды болса да ешкімнің жүрегіне жол таба алмайды.

Біз бүгінде тіршілік шарттарының адам баласын əбден титықтатқан қазіргідей қиын кезеңінде құшағы мейірім мен рақымшылыққа толы осындай қаһармандарға зəру екеніміз анық. Өздерінің дүниелік əрі ақиреттік азаптан құтылуын басқалардың бақытты болуына тəуелді еткен асыл ерлердің арқасында адамзат жоғалтып алған алтын құндылықтары мен асыл сезімдерін қайта тауып, шынайы бақытқа кенеледі. Құранның мəңгі ескірмес дəстүрлері мен пайғамбарымыздың ғибратты ғұмыры бұған айқын куə. Мұндай арман-ой иелері «өзгеге жарық шашумен өмірін тауысқан» шам сияқты адам баласының ақиреттік азаптан құтылуы үшін барын салады. Адамға деген шынайы жанашырлық – оның өткінші өмірін емес, мəңгілік өмірін құтқаруда деп білеміз. Ал мұндай сезім ақиреттегі ауыр жағдайды көзімен көргендей иман келтіріп, басқаларға шын жаны ашыған, тұла бойы мейірімге толы жандарда ғана бар. Адам бойындағы мейірімділік сезімі адамдардың мəңгілік отта жануына көз жұмғызбайды. Құмырсқаны басуға қия алмаған жан қалайша адамдардың отта жануына көнсін?!

Адамдарды адасушылықтың меңіреу қапасынан құтқару үшін жалғыз ерік пен ақылдың күші жетпейді. Мейірімділік қана бойға үнемі қуат береді. Жол таппай адасқандардың қолынан ұстап, сенім жағасына шығаруды мақсат тұтқан мұсылмандар бұл асқақ тілектеріне басқаларға мейірім құшағын ашумен ғана жете алады.

Ислам – тура орта жолды ұстанатын теңдік діні болғандықтан, оның жалпыға тəн принциптерінде сүйіспеншілік пен мейірім сезімінің де тізгінін тең ұстау бар. Мейірімнің де өлшемдерін дұрыс қоя білу маңызды. Залымдарға бұл мейірім көрсетілмейді. Өйткені, залымға жасалған мейірім мен сүйіспеншілік оны еркінсітіп, одан əрі құтырта түседі. Бұл басқа кінəсіз жандарға жасалған зұлымдық болып табылады. Десек те, пайғамбарымыз:«залым да болса зұлымдыққа душар болған бауырыңа жəрдем ет. Залымға оны зұлымдығынан бас тарту үшін жəрдем етсең болады» деуі де залымға да мейірімділік көрсету керектігін білдіреді. Бұл мейірімділік залымның заң алдында жауап беруіне кедергі болмайды. Бірақ, адамды істеп жүрген нəрсесінің дұрыс еместігін айтып, насихат етіп, мейірімділік танытуға болады.

Адами қасиеттердің аяққа тапталып, құнды қасиеттердің ұмытыла бастаған осындай қиын кезде адамдардың көбісі жүрек жылуына мұқтаж. Өмірден шаршап, қиындықтан қажыған адамдарға сүйіспеншілік пен мейірім жолдарын көрсету басқалардың жүректеріне жан бітіріп, Жаратушының жүрегіне ұя етіп салған мейірімін оятады. Құран Кəрімде хазірет Мұсаға перғауынның өзіне де жұмсақ сөйлеу бұйырылады (Таһа, 44). Пайғамбарымызға да өте ауыр һұд шайқасының нəтижесіне байланысты түсірілген аятта «Алланың рақымымен сен оларға жұмсақ сыңай таныттың. Егер қатал жүректі, дөрекілік көрсетсең олар сенің айналаңнан (Сені тастап) тарқап кетер еді» делінеді (Əли Имран: 159). Адамдарды ақиқатқа шақырудағы Құранның əдісі, міне, осындай.

Ешбір пайғамбар адамдарды мəжбүрлеп, зорлық-зомбылық көрсетіп тура жолға түсірген емес. Зорлық-зомбылық тек адамдардың қанын аяусыз ағызған перғауын мен оның ізбасарларына ғана тəн. Жүрегінде мың бір күмəн мен қуысынан жел үрлеген сенімсіздік басым жандарға дөрекілік көрсету – олардың жүрегін жібітудің орнына көңілдеріне жарылғыш қойып, жарып жіберумен тең қатерлі əрекет. Мейірім болмаған жерде сүйіспеншілік те, сыйластық та болмайды. Олай болса, адамдарды бір-біріне бауыр бастыру тек қана мейірім арқылы жүзеге асады.

Алау ƏДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

e-islam.kz

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру