Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Мешітке арақ төксем деп едім...

24.08.2015 4868 0 пікір

Қойнына шөлмегін қысқан бір кісі мешіт жанынан өтіп бара жатыр. Бесін намазын мешіттен оқып шығып келе жатқан имам әлгі масты көріп:

- Бауырым, тоқташы. (Ішімдікке біршама қызып алған әлгі кісі имамның даусын ести сала шөлмегін жасырып әлектенді)

- Оооо, молдеке, ассаляму алейкум! Амансыз ба?

- Уағалейкум ассалям, бауырым! Аманбыз. Өзің қалайсың?

- Көріп тұрғаныңыздай жүріп жатырмыз...

- Саған бір өтінішім болып тұр. Маған әлгі мені көріп тығып қойған қойныңдағы арағыңды берсең – деп, құлағына сыбырлады.

- Оны қайтесіз?

- Мешіттің ішіне төгемін. Мас кісі таңырқап:

- Не деп тұрсыз? Алланың үйін ластаудан қорықпайсыз ба? Менің ішімдікке салынғаныма қырық жыл болды, алайда мұндай іске барған емеспін, бармаймын да. Арақты ондай жаман іске қолдануға бере алмаймын. Менен аулақ жүріңіз – деп, имамға қадалып қарады. Сонда имам әлгі кісіге күлімсіреп:

- Сен адамдардың қолымен тұрғызылған, қабырғасы топырақтан жасалған мына мешіттің ішіне арақ төгуіме қарсысың. Ал енді өзің ойланып қарашы, Әлемдердің Раббысы сондай керемет пішін беріп, рахымына бөлеп, құлшылық үшін жаратқан тәніңді арақпен ластауға қалай ғана қиясың?

- Мен, мен...( деп үнсіздік танытты)

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру