Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Жолаушының азығындай

19.05.2015 4195 0 пікір

Амир ибн Абдулла әңгімелеуде: 

«Сәлман Фариси (р.а.) төсек тартып жатып, аурудан емес, әлдеқандай уайымнан мазасы қашып, жүдеп кетті. Айналасындағылар: «Ей, Әбу Абдулла! Неге сонша қобалжисың? Сенің игі амалдарың мол емес пе? Әрі Алла елшісімен бірге талай шайқасқа қатысып жеңіске жеттің», – деді.

Сонда Сәлман: «Мына дүниені қимай, о дүниеге кетіп бара жатқаныма жылап жатқаным жоқ. Мені Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бізге айтып кеткен өсиеті мазалайды. Өсиетінде «Сендерге жолаушының азығындай дүние жеткілікті» деп ескерткен еді», – дейді.

Сәлман (р.а.) өмірден озғанда, артында бар-жоғы он бес дирхамдық қана дүние қалған еді.

Қ.Бағашар

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру