Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Хазірет Омар мен күң

12.05.2015 5043 0 пікір

Ибн Аббас (р.а.) әңгімелеуде:

«Бір күң Омарға келіп: «Қожайыным зина істедің деп кінәлап, мені қып-қызыл шоққа отырғызды, сол себептен әурет жерім күйіп қалды», – деп шағымданды. Омар (р.а.):

– Қожайының сенің зина істегеніңді көзімен көрді ме? – деп сұрайды. Күң:

– Жоқ, – деп жауап береді.

– Жоқ, өзің мойындадың ба?

– Жоқ.

– Олай болса, қожайының менің алдыма келсін, – дейді.

Күңнің қожайыны алдына келгенде, Омар (р.а.):

–  Демек, сен Алланың азабымен (отпен) азаптаған екенсің, солай ма? – деп сұрайды. Әлгі кісі:

– Ей, мүміндердің әміршісі, одан күмәнданған едім, – дейді.

– Үстінен түстің бе? – деп сұрайды Омар (р.а.).

– Жоқ. 

– Жоқ, өзі мойындады ма?

– Жоқ, мойындаған жоқ.

Сонда Омар (р.а.):

– Аллаға ант етемін, егер мен Расулалланың «Құлы үшін қожайынына, баласы үшін әкесіне қысас жасалмайды» дегенін естімегенде, мына күңге істегеніңді дәл өзіңе де істер едім, – дейді.

Сөйтті де әлгі қатыгез кісіге жаза ретінде жүз рет дүре соқтырды. Күңге: «Басыңа бостандық бердім, бұдан былай Алла разылығы үшін азатсың. Мен Расулалланың: «Отқа күйдірілген немесе көзі ойылған, құлағы, мұрны кесілген адам азат. Ол – Аллаһ пен расулының азаты» дегенін өз құлағыммен естігенмін», – деді.

 Қ.Бағашар

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру