Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Аллаңа жағам десең...

30.03.2015 4849 0 пікір

Жанқұтты шешен он жеті жасында әкесінің айтуымен Сарым елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға келеді. Би Жанқұттының жайын сұрап білгеннен кейін:

– Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? – деп сұрапты. Сонда Жанқұтты:

Адал болсаң судай бол,
Су арамды кетіреді.
Мықты болсаң жердей бол,
Жер жаһанды көтереді, – деген екен. Жауабына риза болған Шабанбай бала Жанқұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде:

Аллаңа жағам десең – азанды бол,
Ағайынға жағам десең – қазанды бол,
Халқыңа жағам десең – әділ бол,
Судай таза бол,
Жердей берік бол,
Өмірің ұзақ болсын,
Аймағың суат болсын,
Сөзің халқыңа қуат болсын, – деп батасын беріп аттандырады. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру