Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Жаны жомарт сахаба

13.02.2015 4493 0 пікір

Жомарттық дегенде аты еске түсетін сахабалардың ішінде Абдуррахман ибн Ауф та бар. Бұл қасиетін өле-өлгенше ұстанып өтті.

Осы айқын қасиеті үшін де Пайғамбарымыздың сүйіспеншілігіне бөленді. Бір күні Мәдинаның көшелерінде ел көшкендей дауыстар естілді.

Мүминдердің анасы Айша (р.а.): “Бұл не?”, – деп сұрайды. “Абдуррахман ибн Ауфтың керуені ғой”, – деп жауап береді айналасындағылар.

Айша анамыз сол кезде: “Аллаһ елшісінің: «Абдуррахман ибн Ауфты Жәннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім» дегенін құлағым шалып қалды”, – дейді.

Бұл сөздер Абдуррахман ибн Ауфтың құлағына жеткен кезде: “Егер Жәннатқа түрегеп кіруге шамам жетер болса, бұл керуенді жүктерімен қоса Аллаһ жолына атадым”, – деген.

Өмірінің соңына дейін отыз мың құлды азат етіп, Бәдір шайқасына қатысқандарға төрт мың динар беруді өсиет етіп кеткен.

 «Саңлақ сахабалар» кітабынан

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру