Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Соғыс сәтінде жамағатпен оқылған намаз

11.02.2015 4806 0 пікір

Намаз оқу сондай маңызды істердің бірі десек, егер мүмкіншілікке қарай соғыс алаңында да болса намазды қалдыруға болмайды. Оған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)-нің дәуірінде болған оқиға әрине дәлел.

Сүйікті пайғамбарымыз Бәдір соғысының ең шайқасы қызған майдан алаңында ардақты сахабаларымен бірге жамағат болып намаз оқыған. Ол уақытта мүшріктердің әскері мұсылман әскерінен үш есе артық болатын. Майдан алаңында адам баласын өлімге душар ететін соққы-шайқастар үстін-үстін болып жатты. Бірақ та Алланың Елшісі мен сахабалары қан майдан алаңда жандарын құтқарғаннан көрі Алла тағаланың алдында қатар-қатар сап түзеп, иықтарын бір-біріне тірей отырып намаз оқуға бел буған еді.

Қараңызшы, мұсылман әскерінің жартысы намаз оқып жатқанда, қалған бөлігі Ислам дұшпандарымен соғысуды жалғастыра берген. Ал, намаз оқығандар соғысып жатқанда, қалғандары да жамағатпен намаздарын оқып қаза етуге жол бермеген. Өйткені, бұл жағдай Құранда былай баяндалады:

(Мұхаммед а.с.) Сен олардың ішінде (соғыс майданында имам болып) тұрған кезде, олардан бір бөлегі сенімен бірге намазға тұрсын, барлығы құралдарын алсын. Сонда қашан олар сәжде қылса, (саған ұйып бір рәкағат оқыса,) олар арт жақтарыңда (жау жақта) болсын. Екінші намаз оқымаған топ келіп, сенімен бірге намаз оқысын, қорғаныстарын, құралдарын да алсын. Өйткені, кәпірлер құралдарыңнан, нәрселеріңнен қаперсіз болуларыңды, үстеріңе бірақ шабуыл жасауды ойлар. Егер сендерге жаңбырдан бір қиналыс немесе ауру болсаңдар, сендерге құралдарыңды қойып қоюларыңның оқасы жоқ. Сондай-ақ, сақтық шарасын қолданыңдар. Негізінен Алла кәпірлер үшін қорлаушы азап әзірлеген».(«Ниса» сүресі, 102-аят)

Мұсылмандардың жартысы намаз оқып жатқанда, қалған мұсылмандардың әрқайсысына алты дұшпаннан қарсылас келген екен. Міне, дұшпанның көптігіне қарамастан саңлақ сахабалар намаздарына берік болуларының бір себебімен соғыс алаңында ешқандай жеңіліс көрместен қайта айтарлықтай мол табысқа қол жеткізе отырып, жеңістің туын көкке желбіреткен.

Дайындаған Қайырбек ОТЫЗБАЕВ,
"Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы,
Атырау қаласы

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру