Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

200 реалдан бастартып, 500 мың реал алды (ФОТО, ВИДЕО)

26.01.2015 5250 0 пікір

                                            200 реалдан бастартып, 500 мың реал алды

Бұл кісінің есімі Юсуф Зейн. Ол пәтуалы сөз айтатын ғалым, уағызын ұйып тыңдайтын танымал дағуатшы, халықты артынан ерте білетін әккі саясаткер және мұнай ұңғымалары бар бай шейх та емес, бар болғаны қалталы саудиялық шейхтардың отарларын бағумен өз напақасын тауып жүрген судандық қарапайым қойшы.

Дегенмен, қарапайым қойшы болса да оны араб еліндегі мұсылмандардың екіден бірі таниды десек қателеспейміз. Юсуф Зейннің танымал болуына әлеуметтік желілерде желдей ескен төмендегі видео себеп болды.

Аталмыш Видеода қожайынның қойын бағып жүрген Юсуфқа әлде біреулер бір қойды 200 реалға сату жайлы ұсыныс жасайды. Ол аманатқа беріктігін көрсетіп, «қанша ақша берсеңде сата алмаймын, Алла көріп тұр» деп теріс ұсыныстан  үзілді-кесілді  бастартады.

Юсуф Зейннің аманатқа беріктігіне тәнтті болған қалталы азаматтар 500 мың реалға жуық қаржылай көмек көрсетеді. Оның ішінде Судан елінің басшысы Омар Башир: «Сен Судан елінің аманатқа беріктігін әлемге паш еттің» деп 100 мың реал берген екен.

Ол бар болғаны 200 реалдан бастартып, 500 мың реал алды. "Бұл қаражатты не істейсің?" деген сауалға екі етпестен: "ата-анамды қажылыққа апарамын" деп жауап берген Юсуф одан әрі көпшіліктің ықыласына бөлене түсті. 

muftyat.kz

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру