Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ұрлық

10.12.2014 5358 0 пікір

Ұрлық жасауды әдетке айналдырған  бір кісі, бөгде адамның бауына кіріп, жеміс ағашының басына шығады.  Ағаштың бұтақтары майысып, пісіп тұрған жемістер жерге түседі.

Мұны байқаған  бау иесі ұрының жанына барып:

– Ей, оңбаған!  Неткен адамсың? Жемістің бәрі жерге түсіп, ысырап болды ғой. Аллаһтан қорықсаңшы, – деп айқайға басады. Өз әрекетіне ұялмақ түгіл еш қымсынбаған  ұры  былай дейді:

– Не болды соншама? Құдайдың жаратқан ағашының жемісінен Оның құлы  жесе не болыпты? Мені сол үшін кінәламақпысың? – дейді.  Мұны естіген бау  иесі:

– Аузыңа келгенді оттамай, жерге түс. Сен басынған екенсің. Көрсетейін мен саған, – деп одан сайын ашуға мінеді  де қызметшілеріне айтып, ұрыны ұстап алады. Оның аяқ-қолын байлап:

– Ұрыңдар, – деп қызметшілеріне әмір береді. Арқасына  қамшы тигенде  ұры жанұшыра:

– Аясаңдаршы. Мен де адамның баласымын ғой. Аллаһтан қорқыңдар, – деп айқайға басқанда бау  иесі:

– Неге сонша айқайлайсың? Қамшы Аллаһтікі. Ұрып жатқан Аллаһтың құлы. Ол   Құдайдың  әмірін орындауда. Мұнда тұрған не бар? – деген екен.

Дайындаған  Файзулла Тайтелиев

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру