Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Өкінішті күнә

17.11.2014 4138 0 пікір

Күнәні көп істеген біреу тақуа кісіден “күнә жасауды тоқтатпасам бола ма?” деп ақыл сұрай келіпті. Тақуа кісі: “Егер үш шартты орындай алсаң, күнә жасай беруге болады” дейді. Әлгі кісі мәз болып: “Сонымен ол қандай шарттар?” - деп сұрайды.

“Бірінші” депті тақуа саусағын бүгіп “күнәні Алла тағала жаратқан ғаламда емес, басқа жерде жаса” дейді. Әлгі желкесін қасып, “бұл енді қиын екен, келесі шарты қайсы?” дейді. Тақуа оған: “Екіншісі, күнә жасағың келсе, Алла тағала жаратқан нәрседен жемей күнә жасасаң болады”, - дейді. “Ондай тамақты әсте таппаспын” дейді қынжылып.

“Сонда үшіншісі не болды?” десе, “Үшіншісі күнә жасағанда Алла тағала саған қарап тұрмайтын жерге барып жаса!” деп кеңесін аяқтайды тақуа. Соңғы кеңесті естіген күнә жасаушы адам өз істеріне өкініп, дұрыс жолға түскен екен.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру