Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Айлакерлер бізден емес

31.10.2014 4048 0 пікір

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз сахабаларымен бірге базар аралап жүріп бара жатып бидай сатып тұрған бір кісіге назары ауады. Оның қасына келіп, бидайға қолын салып көргенде оның ылғал екенін байқайды. Саудагер көз бояу үшін оның бет жағына құрғақтарын салып қойған екен.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: “Әй, зат иесі, мына бидайың неге ылғал?” - деп сұрайды.

Сонда ол: “Ия, Алланың елшісі, жауын жауғаннан ылғалданып қалған ғой,” - дейді қуыстана. Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Ендеше адамдардың байқауы үшін оны көрсетіп қоймасың ба?” - дейді.

Қулығы әшкере болған саудагер ештеңе дей алмайды. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): “Бізді алдаушылар бізден (мұсылмандардан) емес,” - дейді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру