Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Шын жарлылық

31.10.2014 4017 0 пікір

Күндердің күнінде ауқатты отбасын басқарып отырған әке баласын ертіп, шалғайда жатқан бір ауылға барады.

Мақсаты - баласына адамдардың қаншалықты кедей, жарлы болуы мүмкін екенін және өздерінің дәулеті шалқып тұрғанын көзімен көрсету.

Өте кедей тұрмыс кешіп жатқан бір отбасын таңдап, солардың үйінде бір күн бір түн өткізеді. Жолдан қайтқанда әкесі үлкен бір іс тындырғандай: «Балам, адамдардың қаншалықты кедей болуы мүмкін екенін байқадың ба?» - деп сұрайды. Баласы да жұлып алғандай бірден жауап қайырды: «Иә, әке, көрдім!»

-  Енді содан көкірегіңе не түйдің, - деп сұрады әке масаттана.

-  Менің байқағаным мынау әке: Біздің үйде бір ит болса, оларда төрт ит бар екен. Бізде бақшамыздың ортасын алып жатқан қауызымыз бар болса, оларда терең де мөлдір көлдері бар екен. Біздің ауламызды жасанды шамдар жарық етіп тұрса, оларда жарқырап тұрған жұлдыздар бар екен. Біз тек өз есігіміздің алдын ғана көреміз, олар сонау көкжиекке дейін еркін көз жүгірте алады екен.

Баласы сөздерін аяқтағанда, әкесі айтарға сөз, сүйенерге дәлел таппай дал болып отыр еді. Сол кезде баласы қосымша тағы бір сөз айтты:

- Әке, біздің қаншалықты жарлы екенімізді көрсетіп бергеніңе рахмет, Алла разы болсын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру